АҚШ-та гендерлік теңдік жоқ, – Сәуле Омарова

0
453

АҚШ Президенті Джо Байденнің өзі Қаржылық бақылау басқармасының басшысы қызметіне кандидатурасын лайық деп таныған қазақ қызы Сәуле Омарованың гендерлік саясат туралы жасаған мәлімдемесі алпауыт елдің саясаткерлерінің өзі дүр сілкінтті. Онда Омарова АҚШ пен КСРО-ның гендерлік саясаттағы артықшылықтары мен кемшіліктерін сөз етеді.
«АҚШ-қа қарағанда КСРО-да гендерлік теңдік болды. Адамдардың еңбекақысын мемлекет олардың жынысына қарамай реттейтін. Барлық әйелдер жүктілік кезінде және босанған соң жетклікті мөлшерде жәрдемақы алды. Мұның екеуі қазір америкалық қоғам үшін орындалмас арманға айналды», – дейді Сәуле Омарова.
АҚШ-тың аты шулы Демократиялық партияның мүшесі саналатын Сәуле Омарованың Қаржылық бақылау басқармасының басшысы ретіндегі кандидатурасын Конгресс бекітетін ол бұл Агенттік құрылған 158 жыл ішінде оны басқарған тұңғыш әйел әрі ақ түсті нәсілден шыққан алғашқы адам ретінде тарихта қалады.
Сәуле Омаров Қазақстанда туған. 1989 жылы Мәскеу мемлекеттік университетіне оқуға түскен. 1991 жылы студенттік алмасу бағдарламасымен АҚШ-қа кетіп сонда тұрақтап қалған. Мұнай саласын реттеу бойынша докторлық қорғаған. Кейіггег банкті бақылау саласында екінші білім алып, бұл сала бойынша да ғылым докторы атағына қол жеткізді. 2006-2007 жылдары АҚШ-тың Қаржы министрінің орынбасары болды.