Түркияға көмекке аттанған құтқарушыларымыздың бір тобы елге оралды.
Түркияның Газиантеп қаласынан Төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 бортымен республикалық жедел құтқару жасағының 33 қызметкері келді, деп хабарлайды kznews сайты.
Олардың арасында 3 кинологтар тобы мен 5 апаттар медицинасының дәрігерлері бар.