Түркия Ресеймен жанжал туындаған жағдайда Украинаны теңізден қолдайтынын мәлімдеді

0

Түркия Ресейдің серіктесінен ықтимал қарсыласқа айналды. НАТО елдері Қара теңіздің батыс бөлігінде өткізген әскери жаттығулар, түрік тарапының пікірінше, Ресей мен Украина арасында болуы мүмкін жанжал туындаған жағдайда іс-әрекеттерді үйлестіре оқытуға бағытталған.

Сонымен бірге, түрік жағы Ресей мен Украина арасында Қара теңіз суларында қарулы қақтығыс болған жағдайда Украинаның Әскери-теңіз күштерін өз кемелерімен қолдайтындығына назар аударды.

«НАТО Қара теңізде бастаған «Посейдон-2021» жаттығуы Кремльді қозғалысқа келтірді. Мәліметтер бойынша, жаттығу Ресейге қарсы бағытталған. Жаттығудың мақсаты — Украинаны қолдау», — деп хабарлайды «Milliyet» түрік әскери басылымы.

Былтыр, қақтығыстардың майданында Әзірбайжанның Карабақта жеңіске жетуін және бірнеше рет қамтамасыз етілген түрік ұшқышсыз ұшатын дрондары туралы бәріміз естедік. Қарабақтағы соғыс Әзірбайжанның жеңісімен аяқталды және соған үлкен үлес бауырлас Түркия елі қосты. Онымен қоса, Түркия Закавказье аймағында өз геосаяси және геостратегиялық позицияларды күшейтті.

Керімсал Жұбатқанов
Қазақ-Орыс халықаралық
университетінің доценті,
тарих ғылымдарының кандидаты