Тоқаев: Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеге жететініне тоқталды. Бұл туралы ол Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Билік әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа алады. Осыны ескеріп президент қаржыны және жәрдемақыны негізсіз оңды-солды таратуды доғару қажет деді. Ол атаулы әлеуметтік көмек расымен де мұқтаж жандарға берілуі керегіне тоқталды.

«Ең бастысы — әлеуметтік әділдік. Сол себепті, мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән береміз», — деді Қазақстан президенті.

Естеріңізге сала кетсек, ел президенті дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысы артатынын айтқан-ды.