Анасы 10 жасар баласын бес күнге тамақсыз, жарықсыз қамап қойған

0

Мәскеуде әйел адам 10 жасар баласын жарықсыз, тамақсыз пәтерге қамап кеткен. Бала осылай үйде бес күн қатар отырған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі «Life Shot» Telegram-каналына сілтеме жасап.

Анасы баласын сыртынан құлыптап, жоқ болып кеткен. Аштыққа шыдамаған бала терезеден қатты айғайлап, есікті қаға бастаған.

Оның дауысын естіген көршілері ТЖД қызметкерлерін шақырған. Құтқарушылар келгенге дейін көршілері оған балкон арқылы тамақ тасыған. Оның анасының қайда екені әлі беймәлім.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел еш жерде жұмыс істемейді және есірткі шегеді. Көршілері пәтердің ішінде сыра бөтелкелерінің шашылып жататынын, таракандар мен шыбын-шіркейдің көптігін айтады.