Тоқаев ұстаздарды мерекемен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!», — деп жазды президент Twitter-де.
Қазан айының бірінші жексенбі күні елімізде Ұстаздар күні аталып өтеді.