Заттыбек Көпбосынұлы хан сарайындай үйін 185 миллионға сатпақ

0
52996
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы үш қабатты үйін сатуға шығарды. Ол Шымкент қаласында орналасқан зәулім сарайына 185 миллион теңге сұрап отыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Әнші кең сарайдай жаңа үйіне отбасымен 2015 жылы көшіп келген. Заттыбек үйін көне грек мәдениетінің стилінде жасаған.

«Үй 12 бөлмеден тұрады. Кең қонақ бөлмелері, жатын бөлмелер, кинозал және екі мезгілге арналған ас үй бар. Жер телімі 16 сотық. Жиһаздармен қоса сатылады», — дейді әнші.

Әнші коттеджін бұған дейін де бірнеше рет сатпақ болған. Алайда Заттыбек оны 250 миллион теңгеге сата алмаған. Бұл жолы әнші алдыңғы бағасына қарағанда біраз арзандатқан.

«Әркімнің өз таңдауы мен талғамы бар. Бұл өмір. Түрлі жоспарларым бар. Әзірге оларды айта алмаймын» – дейді Заттыбек.

Бұрынырақ әнші Instagram-дағы парақшасында ауласының бір шетінен ауылдастарына арнап намазхана салдырғанын жазған еді.

«Менің үйім, менің шаңырағым — талай жақсылықтарымның талай тарландар мен таланттарға төрінен орын берген береке бірліктің куәсі. Алланың маған берген ризығы мен адал еңбегімнің жемісі. Алланың маған бергендеріне сансыз шүкірлер етемін. Менің де Алла ризалығы үшін істеген бір ісім болсын деп, шарбағымның бір шетін ауылдастарым мен Алла жолын танып білгісі келгендер үшін намазхана етіп бердім», — деді ол жазбасында