Шегінейін десе масқара, шегінбейін десе шамасы жетер емес

0

Соғыстағы Ресейдің шығыны жарияланды деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың айтуынша, Ресей армиясы 24-28 ақпан аралығында 29 ұшақ, 29 тікұшақ, 3 ұшу аппараты және 5 әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан айырылды.

Сонымен қатар, осы кезеңде басқыншы 191 танк, 816 әскери броньды машина, 291 автомобиль техникасы, 60 цистерна және 2 кемеден, 74 зеңбірек, 1 «Бук» пен 21 «Град» зениттік-зымыран кешенін жоғалтты.

Жау жақтан жойылған адам саны шамамен 5 300 адам.