Ресей тарапы шабуылды үдетті

0
163

Припятьтағы Украина-Ресей келіссөздерінен кейін көп ұзамай Ресей әскері Киевке «Искандер» баллистикалық зымыранымен шабуыл жасады, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко хабарлады.

«Путин режимінің тағы бір қылмысы. Искандер баллистикалық зымыранының Киевке шабуылы. Нақты орны мен құрбандары анықталып жатыр» деп жазды ол.

Осыдан бірнеше минут бұрын Геращенко Припятьтағы келіссөзде Украина ресейліктерге Украинаның барлық аумағынан әскерлерін толықтай шығаруды қамтитын қатаң шарттарды қойғанын жазған.

«Келесі келіссөздер алдында Киев пен Мариупольді қоршауға алу арқылы Ресей жағдайын жақсартқысы келеді. Бұл Ресейдің соңғы әрекеті болады. Оған біздің әскер дайын. Алда шешуші шайқас күтіп тұр» деді Геращенко.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеу жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.