SARS-CoV-2. Коронавирустың жаңа штамы әлемнің 41 елінен табылған

Бірінші рет Ұлыбритания елінен табылған COVID-19 вирусының жаңа штамы қазір әлемнің 41 елінен анықталып отыр деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ).
Ресей әзірге елінен «британдық» штамм анықталмағанын айтты.
ДДСҰ соңғы айларда аптасына кемінде 4 млн адам коронавирус жұқтырып жатыр деп мәлімдеді. Қайтыс болғандар аптасына 76 мыңнан асады. Пандемия басталғалы Жер бетінде 83 млн-нан астам адам вирус жұқтырған. Қайтыс болғандар 1,8 млн-нан асқан.
Ұлыбритания билігі желтоқсан айында коронавирустың жаңа штамы анықталғанын мәлімдеген. Кейін SARS-CoV-2 індеті АҚШ, Қытай, Канада, Түркия, Таиланд, Грекия, Словакия, Вьетнам және Кипрде анықталған.