Сайрагүл Сауытбай: Қазақстаннан саяси баспанадан басқа ешнәрсе сұрамадым. Бірақ соның өзін қанағаттандырмады

0

2018 жылы Қытайдағы саяси қуғын-сүргіннен қашып, Қазақстанға шекара бұзып өткен Сайрагүл Сауытбайдың Швецияда тұрып жатқанына бір жарым жыл болды. Қазақстаннан ала алмаған саяси баспананы оған Швеция үкіметі ұсынған. Қазір өзі де, күйеуі мен екі баласы да — сол елдің азаматы.

Сайрагүл Еуропа елдерін аралап, парламент отырыстары мен түрлі конференцияларда Шыңжаңның саяси лагерінде көргенін баяндап жүр. Кітап та жазып үлгерді. Ол Қытайдың коммунистік жүйесі мен батыстың демократиялы саясатын, екі елдің тұрмысы мен мәдениетін салыстырады.

«Өзімнің адамдық құрметімді таба алдым. Өзімнің адамдық қасиетіммен және еркіммен өмір сүріп жатырмын. Өте еркін. Осы жердің халқы қалай болса, біз де солай өмір сүріп жатырмыз.

Бұл жерде мен адамдық құрметіммен өмір сүріп жатырмын. Біз Қазақстаннан басқа ештеңе талап еткен жоқпыз. Маған тек саяси баспана берсе, балам-жолдасым барлығы Қазақстанда толыққан азаматтар ғой, сонда біз өзіміздің өмірімізді сүреміз.

Мен жұмыс сұраған жоқпын, үй сұраған жоқпын. Тұрмысымыз қаншама қарапайым болғанымен, ол біздің аңсап жеткен жерімізде өмір сүру біз үшін үлкен бақыт болды. Әрі қарай өзіміздің тіршілігімізді көретін едік. Саяси баспанадан өзге ештеңе талап еткен жоқпын. Соны қанағаттандырмады», — деді ол Азаттық тілшісіне.

Қазақстан соты Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтарған жоқ. Бірақ саяси босқын деп те танымады.

Copyright (c) 2013. RFE/RL, Inc. Reprinted with the permission of Radio Free Europe/Radio Liberty, 1201 Connecticut Ave., N.W. Washington DC 20036.


Тегтер:азаптау бабыазаптау деген неазаптау на русскомазаптау переводчиказаптау рефератазаптау эссеазаптау қылмыстық кодексжануарларды азаптаусайрагүл сауытбайсайрагүл сауытбай ісісайрагүл сауытбай кімсайрагүл сауытбай новостисаяси баспанасаяси баспана берусаяси баспана беру мәселесін шешедісаяси баспана переводШвецияшвеция астанасышвеция и швейцарияшвеция коронавирусшвеция на английскомшвеция на картешвеция населениешвеция столицашвеция флагшвеция языкҚазақстанқазақстан картасықазақстан майдан арсеналыҚазақстан тарихықазақстан қытай шекара мәселесіқазақстан қытай шекарасықазақстан қытай шекарасы қашан ашыладықазақстан қытай шекарасы ұзындығықазақстан қытай экономикалық қатынастарықазақстан қытай қарым қатынасықазақстан қытай қатынастарықазақстан қытаймен оңтүстігінде шектеседіқазақстан қытайға қанша қарызқазақстандағы теңіз аттарықазақстандағы теңіздерқазақстандағы өзендерқазақстанның жеті кереметіқазақстанның табиғи мұрасықазақстанның теңіздері