Рахат Әлиевтің жерленген жері анықталды
2015 жылы дүниеден озған Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің Австрия астанасындағы жерленген жері анықталды.
Бұл туралы «Чиновник» Telegram-арнасы хабарлады.
Ол 2015 жылы 15 наурызда Австрия астанасы Вена қаласының орталық зиратында жерленген.
Рахат Әлиев Қазақстанның Австриядағы елші қызметін атқарды.
Еске салсақ, Рахат Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаға үйленген. Дариға Назарбаева екеуінің ортақ үш баласы: Нұрәлі, Айсұлтан және Венера бар. 2008 жылы Рахат Әлиев билікті басып алуға дайындалып, адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұйымдастырғаны үшін сырттай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды. 2011 жылдың маусымында Вена соты Әлиевті Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты.
2015 жылдың ақпан айының соңында австриялық БАҚ Әлиевтің Австрия астанасындағы түрмеде өлі күйінде табылғанын хабарлады. Болған оқиғаның негізгі нұсқасы өз-өзіне қол жұмсау болды.
Айсұлтан Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға мен оның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің ортаншы баласы. Ол Сандхурстегі Британ корольдік әскери академиясын бітіріп, Қазақстан қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасы штатына қабылданды. Жауынгерлік операцияларға қатысқаны үшін британдық «ерлігі үшін» марапатын алған. Футболмен кәсіби түрде айналысты: қазақстандық, австриялық клубтарда ойнады. Сондай-ақ лондондық «Челси» мен «Порсмут» сапында өнер көрсетті. Англия чемпионатының қола жүлдегері.
2017 жылы Айсұлтан атасы Мұхтар Әлиев қайтыс болғаннан және австриялық түрмеде әкесі Рахат Әлиевтің өзін-өзі өлтіргенінен кейін есірткіге тәуелді болып қалғаннын мойындады. Бірақ ол оған тәуелділікті жеңуге атасы Нұрсұлтан Назарбаев пен «Алла» көмектескенін айтты.
Ал 2020 жылдың ақпан айында ол «отбасының» қысымына байланысты Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады. Сондай-ақ, ол жақын арада не өлетіні немесе психикалық ауру деп жарияланатынынан қорқатындығын да айтқан болатын.
2020 жылы 16 тамыз — Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды. Британдық сарапшылар өлімнің себебі кокаинге тәуелділік деп шешті.