Ресей халқы сөз сөйлеп тұрған Путиннің аузын аштырмады

0
2955

Ресей президенті Владимир Путиннің Лужники стадионында Қырымның аннексиялануының 8 жылдығына арналған концертте сөйлеген сөзінің трансляциясы кенет үзілді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, Лужникидегі «Қырым көктемі» концертінде Путиннің сөйлеген сөзінің трансляциясы техникалық ақауға байланысты үзілді.

– Оған сервердегі техникалық ақау себеп болды, – деді ол. Ресей басшысының баспасөз хатшысы «бір минуттан кейін президенттің толық сөйлеген сөзі қайталанады» деп сендірді.

Бірақ ғаламторда Ресейдің көшбасшысы Владимир Путиннің Мәскеудегі «Лужники» стадионында сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясының үзілу себебін көрсететін видео пайда болды.

Шын мәнінде трибунада отырған президенттің сөзін Ресей халқы бөліп, ысқырып және балағат сөздерді айта бастаған. Мұны бейнежазбадан көруге және естуге болады.

Еске салсақ, Владимир Путин Мәскеудегі «Лужники» стадионында сөйлеп тұрған кезінде кенеттен экраннан жоғалып кетті.

Путин ресейліктерге сөз сөйлеп жатқан кезде, кенет Олег Газманов сахнаға шығып, «патриоттық» әндерді айта бастады. Путиннің сөйлеген сөзін трансляциясы үзілгендей болды.

Сонымен қатар, Ксения Собчак өзінің Telegram парақшасында Владимир Путиннің қалай кеткенін жариялады. Бұл эфирден көрсетілмеді.

Айта кетейік, бұл «Қырым көктемі» деп аталатын концерт кезінде болған, Ал 8 жыл бұрын Ресей Украинаның Қырым түбегін өзіне қосып алған.