Қазіргі Қазақстан полициясы – нағыз ұйымдасқан қылмыстық топ — Мемсатыпалу сарапшысы

0
19638

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде сатып алу шарты мақсатты түрде өтпейді  тек кері қайтарылулардан тұрады дейді отандық сарапшы.

Автомобилистерге көмек көрсету қоғамының жетекшісі Рулсан Лазута мемлекеттік сатып алу — бұл барлық полиция бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары бірігіп,  «қайнататын» үлкен сыбайлас жемқорлық шұңқыры деп санайды.

Әсіресе Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының полиция бөлімшелері жақында 939 миллион теңгеге тері салоны бар жаңа автокөліктер сатып алатыны туралы жаңалық қоғамды тағы дүрліктіретін түрі бар.

Лазутаның айтуынша, көптеген сатып алулар мақсатымен орындалмайды. Кері қайтарулардың арқасында келісім-шарттар жасалады. Алынған көліктер талапқа сай келмейді екен.

Azattyq Rýhy сайтына берген сұхбатында қоғам белсендісі сатып алынған көліктердің пайданылмайтынын айтады. Тіпті оған қатардағы полициялар телефон шалып, жиі шағымдарын да айтып жатады екен. Бұл сұмдық дейді Лазута. Өйткені жол сақшыларының барлығы тозығы жеткен көлікпен жүргенімен қоймай, өз қалталарынан жөндеуге ақша шығарады екен.

Сондықтан Лазутаның басты сұрағы: басшылық сатып алған көліктер қайда?

Айтуынша, олар стандартты кестемен жұмыс істейді. Есеп үшін әдемі көліктің суретін сайтқа жүктеп, сосын сатып алынған әлгі көліктер құпия жағдайда жоғалып жатады.

Сондықтан сарапшы үлкен ақша айналып жатқан көлік сатып алу үрдісінде  жемқорлықтың иісі шығатынына сенімді.

“Бұл жұмыстарды департамент басшысының бұйрығымен алтылықтар, жүгірмектер орындайды. Өте көп ақша айналымға түсіп, бұл сумма үнемі өсіп отырады, қылмыс та соған сай өсіп отырады”- дейді сарапшы.

Лазута  полицияның- ұйымдасқан қылмыстық топ екенін неге айтқысы келеді. Себебі үнемі парамен ұсталатындар – қарапайым қызметкерлер. Олар өзі баю үшін пара алғысы келіп тұрған жоқ. Олар ротаның басшысына белгілі бір сумманы өткізуге міндетті. Ол алдымен батальон басшысына айтады, ол өзінен жоғарыға айтады. Осылайша, бастыққа жеткенше, бұл сым үзілмейді.

Лазутаның айтуынша, егер антикоррупция өкілдігі мен прокуратура нақты зерттеу жүргізген күнде бүкіл ішкі істер бөлімін Министрлігімен қоса түрмеден бірақ шығаратын еді.