Алматыда Алашордалықтарға қатысты қылмыстық істердің түпнұсқалары көрсетілді

0

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына және басқа да белгілі репрессияға ұшыраған алашордалық саясаткерлерге қатысты қылмыстық істердің түпнұсқалары көрсетілді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Қылмыстық істер түпнұсқасында Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Темірбек Жүргенев, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков, Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Мағжан Жұмабай, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санджар Асфендияров, Нығмет Нұрмаков, Султанбек Ходжанов, Узакбай Кулумбетов, Ораз Исаев, Ораз Жандосов, Жайнар Садвакасов сияқты адамдарға қатысты істер ұсынылды. Бұл сенбі күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараның аясында жарияланған.