Қазақты, Қазақстанды боқтау, қорлау хайпы жалғасуда
TicTok әлеуметтік желісінде Қазақстанды, қазақтарды боқтап, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан өзге ұлт өкілінің бейнежазбасы шықты деп хабарлайды Kznews.kz. Видеода ұлты нақты белгісіз ер адам боғауыз сөзді бұрқыратқан. Ішімдік ішіп алғаны да байқалады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жігіттің өзбек емес, ұйғыр ұлтынан деп «күні ертең кешірім сұрап басқа видео жолдайды әлі» деген пікір білдіруде. Дұрыс қой, ертең кешірім сұрайтын әрекетті бүгін неге жасайды деген де сұрақ болуы заңды емес пе? Қазақты, Қазақстанды қорлап хайп қуатындарға тоқтау салына ма, жоқ па? Бұл қаншасыншы рет өзі? Көпұлтты еліміздің өзге ұлт өкілдері қазақты қорлауды қашан тоқтатады?