Айфон 14 қандай болуы мүмкін?

0

Желіде беделді ақпарат таратушы және Front Page Tech редакторы Джон Проссер iPhone 14 нұсқаларының бірін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап. 

Бірінші болып iPhone SE 2020, MacBook Pro 13 көрсетілімінің нақты күндерін айтқан және қазір қолданыста бар құрылғылардың суретін алдын ала жариялап жүрген инсайдердің беделіне қарамастан, iPhone 14-тің соңғы нұсқасына өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айта кеткен жөн. Себебі Купертинодағы компания iPhone 13-тің дизайнын биыл тамыздың басында ғана мақұлдады.

Жаңа iPhone 14 смартфоны 2017 жылдан бері келе жатқан «кекілден» айырылуы мүмкін. Инсайдердің болжамы расталса, iPhone 14-те де көптеген заманауи смартфондағы сияқты экранда алдыңғы камера ғана болады.