Қазақстандықтарды 34 млн теңгеге алдаған: Айдос Шәріпов Германиядан экстрадицияланды

0
745

Шет мемлекеттерде жұмысқа орналастыру желеуімен қазақстандықтарды алдаған Айдос Шәріпов Германияда ұсталып, елге экстрадицияланды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім етілгендей, ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан Қазақстан Республикасының азаматы, 32 жастағы Айдос Қанатұлы Шәріповті экстрадициялады. «Шәріпов жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналастыру сылтауымен Қазақстан азаматтарына ірі көлемде залал келтірді деп күдіктенеді. Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн теңгені құрайды. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды», — делінген таратылған хабарламада. Қазіргі уақытта А.Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалған.