Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 21 573 адам әліге дейін ем қабылдап жатыр (13 392 КВИ+ және 8 181 КВИ-). Олардың 4 891-і ауруханада болса, қалғаны үй жағдайында емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ауырып жатқан науқастар:
- 255-і ауыр жағдайда
- 43-і өте ауыр жағдайда
- 41-і жасанды желдету аппаратына қосылған.
17 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 60 адам коронавирустық пневмония жұқтырған, олардың бірі қайтыс болды. 228 адам ауруынан емделіп шыққан.