Қазақстанда орташа зейнетақы 100 308 теңгеге дейін өсті
2021 жылғы наурыздың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 2,2 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Бұл туралы ORDA хабарлады.
Еліміздегі орташа төлем 1 наурыздағы базалық төлемді ескере отырып, 100 308 теңгені құрады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы жылдың басында зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 94 733 теңгені, 2020 жылдың ақпанында 90 502 теңгені құрады.
2021 жылғы наурыздың басында Қазақстанда 2 миллион 245 мыңнан астам зейнеткер тіркелді.
2021 жылдың қаңтарынан ақпанына дейін базалық зейнетақы төлеуге республикалық бюджеттен 137,2 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 310,2 млрд теңге бөлінді.
2021 жылдың ақпанында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 224 млрд-тан астам теңге бөлінді. Оның 68,7 мдрд теңгесі базалық зейнетақыға, ал 155,3 млрд теңгесі ынтымақтастық зейнетақыға берілді.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі жұмыс стажын ескере отырып, жеке тағайындалады.
Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады. Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне байланысты және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық кіріске байланысты.