Қазақстан «қартайып» барады

0

Тәуелсіздігін алғанына енді 30 жыл болса да Қазақстан халқы қартайып келе жатыр. Мұндай мәлімдемені елдегі демографиялық жағдайды зерттеген сарапшылар жасады.
Мәселен 2020 жылы қазақ халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 71,37 жас болған. Он жыл бұрын бұл көрсеткіш 68,45 жасқа тең еді. Сонымен қатар 2010 жылы Қазақстанда зейнет жасындағылардың үлесі 9,9 пайыз болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 11 пайызға дейін өскен.
Керісінше жұмысқа жарамды азаматтардың саны соңғы он жылдықта 6 пайызға дейін кеміген. Демографиялық қартаюдың халықаралық шкаласына сай Қазақстан қартаюдың алдында тұрған ел деп танылады.
Әлем елдерімен бірге Қазақстанда да алдағы онжылдықта халық санының еселеп өсуі байқалмақ. 2050 жылы біздің елдің тұрғындарының саны 24 миллионға жетеді. Халық санының өсуіне бала туу көрсеткішінің артуымен бірге адамдардың орташа өмір сүру жасының ұлғаюы да себеп болып отыр.
БҰҰ әлемдегі барлық елдерде қартаю процесімен бетпе-бет келетінін болжаған.