Путин мемлекеттік төңкерістен сақтанып, Мәскеуге гвардия алдырды

0
1400

18 мыңдық әскери бөлімнің жауынгерлері күмәнді солдаттарды тұтқындауды бастады.

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік төңкерістен сескеніп, Мәскеуге элиталы гвардияны алдырып жатыр.

Бұл туралы Ұлыбританияның Daily Mirror газеті хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, 18 мыңдық әскери бөлімнің жауынгерлері алдымен Мәскеуді жан-жағынан қоршап алып, «Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп есептелінген солдаттарды тұтқынға алуды бастап кеткен.

Украина барлау қызметі Владимир Путиннің мемлекеттік төңкеріс қаупінен өзін қорғауы үшін Мәскеуге арнайы элиталы гвардияны алдырып жатқанын мәлімдеді.

Барлау өкілі Ресей ұлттық гвардиясының ОДОН атты элиталы бөлімшесінің Ресей астанасы төңірегіндегі қауіпсіздікті нығайту шараларын қолданып жатқанын, барлық әскери бөлімдер «жоғары жауынгерлік дайындық» жағдайында тұрғандарын мәлімдеді.

Брифинг Ресей мен Қырымды жалғап тұрған Керчень көпірі қиратылғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін берілді.

Украина бұл өткелдің қиратылуына байланысты жауапкершілікті өзінің мойнына алған жоқ. Ал Ресейдің Федералды барлау қызметі көпірдегі жарылысқа Украинаның барлау қызметін айыптады.