Пенапластан салынған «Керуен-Сарай»: Түркістандағы жаңа құрылыс тағы дауға қалды
Танымал қазақстандық блогер және қоғам белсендісі Шыңғыс Лепсібаев Facebook-тегі парақшасында Түркістан қаласына саяхат туралы әсерімен бөлісті.
«Маған жаңадан салынған шатырдың ұшып кеткен бөліктері, жаңа футбол стадионында жүзіп жүрген ойыншылар туралы, брусчатка астына түсіп жатқан президенттік лимузиндер туралы айтқан кезде мен күліп, иығымды көтеріп едім. Техас.
Бірақ енді мен өз көзіммен көрдім: Түркістанның басты көрікті жері (біздің ата-бабаларымыз 1200 жыл бұрын, ал кесене 600 жыл бұрын салған) Керуен Сарай — кірпіштен емес, пенапласт пен сылақтан тұрғызылыпты» деп жазды Шыңғыс.
Ол Түркістанның көрікті жерлері ұзақ шыдап тұра алмайды деді.
«Мен облыстың барлық басшылығы мен барлық мердігерлер 10 жылға кетпеу туралы келісімге қол қоюы керек деп санаймын. Бұл енді қажет болмайды, өйткені жаңбыр жауып, екі қыста өткен соң, бұл өте әдемі ғимараттар еріп кетуі мүмкін», — деп аяқтайды блогер.