Назарбаев: Құдай мұндай азапты ешкімге сездірмесін. Ауырған соң сонда әдейі бардым

0

1 желтоқсан — Тұңғыш президент күні «Хабар» арнасынан Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Портреттің штрихтары» атты туынды көрерменге жол тартады. Instagram желісінде фильмнің тизері жарияланды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Елбасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Портреттің штрихтары» фильмінің бірінші бөлімі эфирге 1 желтоқсан сағат 21:40-та шығады. Көпсериялы фильм «Хабар» арнасынан көрсетіледі. Көпшілікке жария етілген үзіндіде Нұрсұлтан Әбішұлы өз уайымымен бөліскен.

«Құдай мұндай азапты ешкімге сездірмесін, саған да. Бұл азап кетпейді. Ауырған соң мен сонда әдейі бардым. Менің өмірімде бәрі басқаша болуы мүмкін еді», — дейді Елбасы жарияланған кадрларда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі🇰🇿 (@elbasy_nazarbayev)

Фильмнің режиссері журналист Айгүл Әділова болған. Картина Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен түсірілген.

«Портреттің штрихтары» — Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз болып келген қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде жасалған», — делінген хабарламада.