«Мысалы, Абай, Қызылжар облысы деп». Саясаткер үш облыстың атауы өзгеретінін болжады

0

Саясаткер Ғазиз Әбішев президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына пікір білдіре отырып, алдағы уақытта Қазақстанда үш облыстың атауы өзгеруі мүмкін екенін болжады. Бұл туралы ол Telegram-каналында жазды.

Еске сала кетсек, Egemen Qazaqstan газетінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 90 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат атты мақаласы жарияланды.

«Қазақстан — біртұтас мемлекет. Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді. Бұл — тек бағытты білдіретін шартты атаулар. 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілді. Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдады. Өйткені, мұндағы шежірелі шаһар ғана емес, тұтас өңір көне замандардан бері Түркістан деп аталған. Осы игі үрдісті еліміз бойынша жалғастыруға болады. Біз мұндай қадамдарды байыппен жасаймыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында.

Әбішев Мемлекет басшысының мақаласына пікір білдіре отырып, «Президент Тоқаев Қазақстанның географиялық принципі — «Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді» деп Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан етіп өзгертілуін мысалға ала отырып, әлбетте, бірінші кезекте Петропавлды көздеді».

«Алдымен БҚО және ШҚО-ның атауы Орал облысы және Абай облысы болып өзгертіледі. Осыдан кейін Солтүстік Қазақстан облысының атауын Қызылжар облысы деп өзгерту қисынға келеді және бұл топонимикалық қайта құрудың саяси-стратегиялық мақсатын жүзеге асырады. Ал бірнеше жыл салып қалалық актив берілгеннен кейін облыс орталығының атауын өңірдің атауына сәйкес келтіру жақсы болар еді», — деп есептейді саясаттанушы.


Тегтер:Алматы облысыаныкталу облысыАтырау облысыЖамбыл облысыоблысыоблысы казахстанаоблысы переводоблысы әкімінің ресми сайтыоблысымыздың тарихи географиялық орналасуыТүркістан облысытәуелсіздік бәрінен қымбаттәуелсіздік бәрінен қымбат мақаласытәуелсіздік бәрінен қымбат суреттәуелсіздік бәрінен қымбат тоқаевтәуелсіздік бәрінен қымбат эссеқазақ жеріқазақ жері диктантқазақ жері диктант 4 сыныпқазақ жері эссеқазақ жерін зерттеген ғалымдарқазақ жерінің ресей империясына қосылуықазақ жерінің шығысындағы табиғи ауданықазақ жерінде салынған бекіністерқазақ жеріндегі алғашқы мектептерқазақ жерінен табылған археологиялық ескерткіштерқазақстан облыстарықазақстан облыстары жер көлеміқазақстан облыстары картасықазақстан облыстары орталықтарықазақстан облыстары тізіміқазақстан облыстары қаншақазақстан облыстарының ауданықазақстан облыстарының халық санықазақстан облыстарының халық тығыздығыҚасым-Жомарт Тоқаевқасым-жомарт тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездестіқасым-жомарт тоқаевтың қазақстан халқына жолдауықасым-жомарт тоқаевтың үндеуі