Домой Басты тақырып Мәжіліс депутаттығына үміткер 1 млн теңгеден астам сайлау жарнасын төлейді

Мәжіліс депутаттығына үміткер 1 млн теңгеден астам сайлау жарнасын төлейді

0
23

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер төлеуі тиіс жарнаны бекітті.

«Сайлау туралы» конституциялық заңның 88-бабының 5-тармағында бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына әрбір кандидаттың тіркелгенге дейін және оның Конституция мен осы конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілген соң Орталық сайлау комиссиясының шотына ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу міндеті белгіленеді.

Енгізілген жарна егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда кандидатқа қайтарылады.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов комиссия отырысында айтты.