Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 7 партия қатыса алады

0
64

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатыса алатын партиялар тізімін жариялады.

Олар:

«Қазақстанның Халық партиясы» – 2002 жылы сәуір айында тіркелген;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2000 жылы наурыз айында тіркелген;

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 2007 жылы қаңтар айында тіркелген;

«AMANAT» партиясы – 1999 жылы ақпан айында тіркелген;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1999 жылы ақпан айында тіркелген;

«Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы – 2022 жылы қараша айында тіркелген;

«Республика» партиясы – 2023 жылы қаңтар айында тіркелген.

Барлық аталған саяси партиялардың Жарлықтарында партия Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы екені көзделген.