Күн жылынады. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптик мамандар 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазгидромет болжамынша, Қазақстан қалаларында күн жылына бастайды. Сондай-ақ, жауын-шашын тоқтайды.
«Биік жотаның батыстан шығысқа қарай жылжуымен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Сондай — ақ еліміздің басым бөлігінде антициклон сілемімен ауа райы жауын-шашынсыз.
Тек аптаның басында республиканың шығыс бөлігінде, содан кейін батысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі», — дейді синоптиктер.