Қытай елшісі туыстарымен қауыша алмай жүрген қазақстандықтарға жауап берді

0
4116
Фото: vechastana.kz

ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің ҚХР елшісі Чжан Сяомен кездесуінде Қазақстан мен Қытай қатынастарының өзекті мәселелерін талқылады.

ҚХР елшісі Чжан Сяо туыстарымен қайта қауышуды сұраған қазақстандықтарға жауап берді.

Кездесу барысында қазақстандықтардың Қытай Халық Республикасында тұратын туыстарымен қауышуға көмектесу мәселесі талқыланды.

«Елші Чжан Сяо өтініш білдіргендердің туыстары ҚХР азаматтары екенін және ел заңнамасын бұзуына орай жазаларын өтеп жатқанын хабарлады», — делінген СІМ хабарламасында.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес консулдық қызметтер желісі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету