Домой Басты тақырып Көлеңкелі экспорт: Үкімет қабылдаған шаралар қаншалықты тиімді?

Көлеңкелі экспорт: Үкімет қабылдаған шаралар қаншалықты тиімді?

0
5929

Жыл бойы ішкі нарықтағы жанар-жағар май бағасына қатысты көптеген мәселе талқыланды. Бағаның өсуіне байыппен қарайтын тұтынушылар бар, бірақ жағымсыз көзқарастағылары көп. 

Көрші нарықтарға көлеңкелі жолмен шығатын отын ағынын қалай тоқтатуға болады?

Дизель отынынан бастайық. Кейінгі айларда нарықтың да, халықтың да бас ауыруына айналды бұл. Оған транзиттік жүк тасымалының өсуі себеп болды. Маусым-қазан айларында оңтүстіктен солтүстікке, солтүстіктен оңтүстікке ағылып жатқан транзит көліктердің багында 200 мың тоннаға жуық қазақстандық дизель кетті.

Өзбекстаннан Ресейге тауарларды транзит тасымалдау баяғыдан бар және бола береді. Ресей – өзбек өндірушілерінің негізгі сауда серіктестерінің бірі.

Бүгінде Өзбекстанның бөлшек сауда нарығындағы дизель отынының құны 376 тг/литрді құрайды. Бізден қымбат. Яғни олардың жүк тасымалдаушыларына жолай бізден жанармай толтырып алу тиімді болады. Ресей нарығында дизель бағасы — 296 тг/литр. Олар да бізден жоғары баға қойған. Ішкі өндіріс көлеміне қарамастан, ресейліктер Өзбекстанның жеміс-көкөніс және басқа да өнімдерін тұтынады.

Бұл жерде бір мәшинеге 100 литрден артық жанармай құймай шектеуге болады, бірақ одан еш әсер болмайды. Өйткені жолай әр ЖМҚС-дан 100 литрден жанармай құйып алып шығады.

Қандай шара қабылдау қажет?

Ішкі қажеттіліктерді һәм транзит қажеттіліктерін де қамтамасыз ету үшін ресейлік дизель отынын тартуымыз қажет.

Бұл үшін қысқы кезеңде – Қазақстан мен Ресей нарықтарында тұтыну көлемінің төмендеуі кезеңінде және меншікті дизельден қорларды қалыптастыру кезінде РФ-дан дизель әкелуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жеткілікті.

Ресейлік дизельді қалай әкелуге болады — бұл баға мәселесі. Яғни, Қазақстан мен Ресейдегі дизель отынына әртүрлі салықтық жүктемені ескере отырып, ҚР-дағы дизельдің бөлшек сауда бағасы Ресейге қарағанда төмен болады… дегенмен, бұл біздің еліміздің салық құраушылары біріздендірілгенге дейін.

Демек, дизельге халыққа «қолайсыз», жоғары баға белгілеу керек. Өйткені қазіргі баға айырмашылығы – ел экономикасына зиян келтіретін нонсенс. Жақын арада дизель бағасы 280 тг/литр деп белгіленеді деген болжам бар — бұл қажетті шара.

Бензин 

Бензин жағдайы біршама жақсы. Ішкі өндіріс ішкі сұранысты да, Ресей, Қырғызстанға кететін көлеңкелі экспортты да қамтамасыз етеді.

Жақында БАҚ бетінде Ақтөбе облысы шекара маңындағы ЖМҚС-та Ресей көлігі багын толтырғаны туралы мәселесін жарияланды. Бір баған ЖМҚС. Ресей-Қазақстан шекарасы бойында қаншама ЖМҚС бар…

Тағы бір факт. Шекарашылар Жамбыл облысы Меркі ауданында Қырғызстанға жанармай ағызып жатқан жерасты құбырын тапты.

Павлодар облысының қаржы мониторингі агенттігі Ресейге темір жол цистерналарымен 480 тонна АИ-92 бензинін өткізгенін анықтады.

Бұл анықталған фактілер ғана. Біздегі бензин өндірісі жеткілікті екенін ескерсек, осы айтылған заңсыз «ағындар» ауқымы соншалықты таңқаларлық емес — теңіздегі тамшыдай ғана.

Неғұрлым қатаң шектеу енгізсек, бензинді әкету тәсілдері де соғұрлым күрделі болады. Ал біздегі баға көршілерімізбен теңеспейінше, мұны ешкім тоқтата алмайды.

Бізде бір литр — 178 тг, Ресейде бір литр — 270 тг, Қырғызстанда бір литр — 289 тг.  Жанармайдың көршілерге кетіп жатқаны бізге қаншалықты ауыртпалық салады?

Біріншіден, 2021 жылдың басынан бастап бензин өндірушілер Қазақстаннан отын экспортын жүзеге асырмайды. Экспорттық кедендік баж түсімдерді толық түспейді, жалпы салық түсімдері төмендейді — өйткені әдемдік нарыққа шыққандп біздегі бензин бағасы өз ішіміздегіден жоғары белгіленеді.

Екіншіден, біздің көлеңкемен кетіп жатқан бензиніміз көршілеріміздің экономикасының оң теңгерімін қалыптастырады.

Білсеңіз, ішкі отын нарығында қолайлы баға деңгейін сақтау үшін біздегі мұнай саласы мұнайды 2 есе, ал әлемдік нарық бағасынан 3 есе төмен бағамен жеткізеді. Мұнай өндірудің жыл сайынғы өсіп келе жатқан өзіндік құнын ескере отырып, бұл өндіру технологияларының импортына да, теңге бағамының төмендеуі жағдайында жабдықтар импортына да байланысты болса, онда ел ішінде өңдеуге мұнай жеткізу оны өндірудің өзіндік құны деңгейінде, тіпті одан да төмен деңгейде жүзеге асырылады.

Сондықтан біздегі бензин бағасы да, дизель отыны да көршілеріміздің бағасымен теңестіріледі.

Тек тепе-теңдікті табу керек.

Ал Аи-92 бензинінің бағасын 230 тг/литр деңгейіне дейін көтерсе, көлеңкелі экспорт азаймақ.

Мемлекет жанар-жағар май нарығындағы салық саясатын қайта қарайтын кез келген жоқ па?

Ерлан ЖАУКИН