Hyundai басшысы: Менің өлуге де уақытым тапшы болды

0

“HYUNDAI” ИЕСІ Чон Чжу-ён:

Чон 1915 жылы Солтүстік Кореяның Асан ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Оның әкесі күріш алаңындағы суға тоңқаңдағаннан басқа өмір сүру амалы жоқ дегенге әбден сенімді болған біреу болатын. Мұндайды мойындағысы келмеген Чанг бақытқа жетуге бел буып, үйінен бірнеше рет қашып шықсада, ұсталып, қайта келетін.

1934 жылы ол Сеулге дейін қашып келіп, қалада ешкімді де танымайтын ол көшеде ұйықтап жүрді. Ақыры бір жерге күріш тасушы болып жұмысқа орналасады. Күндіз-түні жұмыс істеп,қажымас қайртының арқасында өмірі айтарлықтай жақсарады.

Көп ұзамай баспаналы болып, күріш саудасын жасай бастады. 1946 жылы жапондықтардан кем болмауға деген ұмтылысымен Чанг автомобильдерді жөндейтін шеберхана ашып, оны “Hyundai” деп атайды. 1950 жылға қарай автожөндеу, тасымалдау және құрылыс деген үш филиал ашады. 1967 жылы ол арзан автомобильдер шығарудан үлкен пайда табудың мүмкіндіктерін біледі. Чангқа зауытты басқаруға жұмыс күші мен ресурстар жетіспесе де, төрт дөңгелекті арбасүрей машина құрастырып үлгерді.Сол кезде Hyundai Motors-тың істен шыққан машиналары жол жиегінде тізіліп тұратын дейді.

Алайда Чон жаңа модельге ақша салып, жоспарланған кірісті ала отырып, өнімнің сапасы күннен-күнге жақсартады. Басқа адамдар білмеймін, қолымнан келмейді деген жұмыстан Чон ешқашан бас тартқан емес. 1965 жылы Hyundai Construction алғашқы шетелдік тапсырыс алып, Таиландта автомобиль жолын салатын болыпты.

Ол тропиктің ерекше жағдайлары туралы еш түсінікке ие емес еді, сондықтан ол салған жолы ыстықта еріп кетеді, немесе құрғап қалады. Немесе бірнеше күн бойы жауған жаңбыр құрылыс алаңын батпаққа айналдырады. Шығынды үнемдеу үшін Жапон армиясының есебінен қолға түскен құрал-жабдықтарды пайдаланса да ол техникалар бұзылып, тайландық жұмысшылар жалақысын өсіруін талап етті. Оған ашуланған Чанг жоғары жалақы алатын өзінің корей жұмысшыларын жалдап, ең жаңа жабдықтарды сатып алды. Тайландта салынған жол Hyundai-ды шығынға ұшыратса да, мерзімінен бұрын пайдалануға берілгендіктен оның беделі артты.

Қиын жағдайларда арзан бағамен жұмыс жасайтын қуатты компания пайда болды деген сыбыс тарап, жер-жерден тапсырыстар көптеп келе бастайды. Чон Сауд Арабиясының портында әлемдегі ең ірі мұнай құбырын салу ұсынысынан бас тартпады. Бұл жобадан Hyundaiға түсетін 931 миллион доллар әлемдегі ең қымбат құрылыс болды, әрі бұл сол кездегі Корея бюджетінің жартысын құрайтын ақша еді. Одан кейін Малайзия Азиядағы ең ұзын көпірге тапсырыс берсе, ал АҚШ-та Hyundai үшін 315 көп қабатты мұнай бұрғылау қондырғысы орнатуға тапсырыс беріпті.

Чон Чжу-ён анасымен бірге

Сол кезде Чон «Ең қиын мақсаттың өзі маған ең үлкен қуаныш әкеледі. Кез-келген қиындық маған шытырман оқиға болып көрінеді »,-дейтін. Бүгінгі таңда 35 Hyundai компаниясы Корея экономикасының әр саласында бірінші орынға таласады, ал Чанг өзі елдің жетекші кәсіпкеріне айналған.

Оның бизнесіндегі бүкіл өмірі күреске толы болды, ол жұмысшыларына: «Сіз өзіңізді жауынгер деп ойлауыңыз керек. Мен де солдат тәрізді жұмыс істейтін боламын. Егер біз жеңіс үшін бірге күресетін болсақ, Hyundai күшейіп, бәріміздің де өміріміз жақсарады»,-деп айтудан танбайтын.

Шындығында, ол ұрыс даласында жүргендей күресе білді және бірнеше рет апатқа түсіп қаза бола жаздады. Бірақ ол: «Менің өлуге де уақытым тапшы болды», — деп қалжыңдайды.

Амантай Тойшыбайұлы