Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

0

3 желтоқсан күні еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жаууы күтіледі. 3-5 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында 3-5 желтоқсан күндері кей уақытта тұман болуы ықтимал. Ал 4-5 желтоқсанда көктайғақ болуы мүмкін. Дауылдың ықтималдылығы – 90-95%.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде 20°С шамасында қатты аяз болуы ықтимал. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Ал Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жетеді. Дауылдың ықтималдылығы – 70-75%.