Халық былтырға қарағанда несиені екі есе көп алып жатыр
Ұлттық банктің қаржы нарығына шолуына сәйкес, 2021 жылдың шілдесі мен қыркүйегі аралығында елде жаңа несие алушылар саны екі есе артқан, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
«2021 жылдың үшінші тоқсанында берілген жаңа несиелердің көлемі 5,6 трлн теңге құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артты. Бұл бағыттағы өсімнің негізгі драйвері – халыққа берілген несие болып отыр. Жылдық көрсеткіш жағынан халыққа берілген несие екі есе өсімді көрсетті», — делінген Ұлттық банктың шолуында.
Қаржы регуляторы бір реттік несиенің өсіміне тұтынушылық мақсаттағы жаңа несиелерді беру көрсеткішінің көбеюі себеп болғанын хабарлайды.
Бірқатар банк тарапынан маркетингті акциялардың артуы, пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі, тұтынушылық өтінімнің қалпына келуі аталмыш қарыз түріне деген сұранысты қайта арттырған.