Депутат мешіт пен шіркеулерді мәдениет үйіне айналдыруды ұсынды

0

КАЗГЮУ университетінің басқарма төрағасы және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутат Талғат Нәрікбаев мешіт пен шіркеулерді мәдениет үйіне айналдыру жайлыс ұсыныс айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Бүгін елордада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелері жөнінде жиын өткен. Мәслихат депуататы мешіттер мен шіркеулерде кітапханалар құру, сондай-ақ оларды мәдениет үйі ретінде пайдалануды ұсынды.

Нәрікбаев Нұр-Сұлтанда мәдени үй-жайлар мен ғимараттар жеткілікті екенін және жаңаларын салудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Мешіттерді, шіркеулерді және басқа да ғибадат орындарын мәдениет үйлері ретінде пайдалануға болады деп отыр.

«Қазақстан халықтарының достығы үйі» секілді нысандарды тек концерт өткізіп, билейтін жер ретінде ғана пайдаланбауымыз керек. Одан да жүйелі сұрақтар бар. Яғни ұлтаралық қарым-қатынас нығайту жағын ойластыруға тиіспіз. Сондықтан бір ұсыныс айтайын деген едім. Бізде мешіт, шіркеу секілді діни нысандар жетерлік. Кеңес одағы тұсында әрбір ауылда мәдениет үйі болды. Онда идеологиялық жұмыстар атқарылатын. Ендеше, қазір мешіт пен шіркеулерді мәдениет үйі ретінде неге пайдаланбаймыз? Ішінен кітапхана ашсақ болады. Тек дінмен шектелмей, мәдени жұмыстар жүргізгеніміз дұрыс деп ойлаймын», — ­­дейді ол.

Талғат Нәрікбаев концерттер үшін қосымша ғимараттардың салынуы орынсыз екенін айтты. Депутат сонымен қатар «Достық» үйінің жұмысын қайта қарап, қызметкерлердің, оның ішінде фрилансерлердің жалақысын көтеру жайлы да тоқталып өтті.