«Зың әкім» вице-министр қызметінен неге босатылды?

0
1819

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша неміс жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыған, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тағылымгер-оқытушы болып бастаған.

1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.

2008-2015 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдарында жұмыс істеді, ҚР БҚДА төрағасы болды.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.