Дәулет Кәрібек құрдастарын қуғыннан неге құтқармады?
Жамбыл облысы әкімдігі Данияр Әлімқұл мен Исламбек Дастанның үстінен шағым түсіріп, соттатып жіберуге шақ қалған болатын. Бұл туралы әу баста белгілі журналист Жасұлан Әбдіхалық дабыл қаққаны көпшілікке белгілі. Осыдан кейін әлеуметтік желіде бұл тақырып қызу талқыланып, журналистерді қуғындау тоқтатылды.
Kznews.kz редакциясы бұл істің артында облыс басшысы ретінде Бердібек Сапарбаев жауапты екенін ашық жазды. Алайда Жасұлан Әбдіхалықтың жазуынша, қос журналисті қуығындауға олардың құрдасы яғни облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек пен ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жаманкөзов ықпал еткен көрінеді. Құрдас демекші Дәулет Кәрібек, Данияр Әлімқұл және Исламбек Дастан 1990 жылы дүниеге келген. Бала бастықтың құрдастарын пәле-жаладан сақтандырып, арашалап алмағаны қалай?
Мәселенің мән-жайын толық білу үшін тағы да Жасұлан Әбдіхалықтың әлеуметтік женліде жазған жазбасын ұсынамыз
Басын бастап едім, аяғын айта салайын
Түнеукүні Тараздың тәртіп сақшыларын түлен түртіп, тілшілерді тергеуге тартып, телепондарын тәркілеп, тіс жармау туралы тілдей тілхат жаздырып, арты әлеуметтік желіде біраз шу болды.
Шулағандар біз, шулатқандар кімдер..?
Ойдан қашқан, қырдан қуған ақпараттарды құрастырып жатып бір нәрсе білгендей болдық.
Өз былығы басынан асып жатқан ДВД тапа-тал түсте тілшілерді тергеуге шақырмасы анық!
Шағым керек, негіз керек.?
Аяқтары аспаннан салбырап туған прокурорлар диірмен тартатын жерлерін көрсетті. Екі күн бойы Жамбылдың бүт журналисі есіктерінің алдында қаңтарылып тұрды. Шықпады.
Прокурор мырза тілшілерге шығып тілдессе тағынан түсіп қалатындай тәкәпарлығын танытты.
Айбатымызды құзырлы органдарға көрсетіп ырылдап жүрсек, мына жақта жылы пештің түбінде түк білмегендей мұртын сипап жергілікті биліктің мысықтары жатыр екен.
Сапарбаевтың пысықай бір замы тілшілермен сөзге кеп қалып, қорқытып алайын деп ойласа керек. Әлде, есім сойы оппозиционер Жанболат Мамайға ұқсағаннан кейін күшейіп кетті ме Ішкі саясаттағы Бейқұтқа звондап үстерінен арыз түсір дейді?!
Антикорға арақты антифриз деп дәлелдеп шыққан Бейқұт оңай ма?
Бәледен қашып замын қинайды. Замы тағы бір замды қинап, ақыры араларынан біреу жазады.
Жазғанда да пәленшеге шара көріңдер, қамаңдар, ұстаңдар демейді. «Мына тілшілердің мына материалдарына құқықтық негіздеме беріңдер, қауіпті ақпарат емес пе» деп емексиді.
Сапарбаевтың замына да сол керек екен, сол қағаз жазылысымен прокуратураға звондайды, прокуратура ДВД қысады. Акимат пен надзор екі жақтан қысқасын амал жоқ полицейлер тілшілерді тергеуге шақырып телепондарын тәркілейді.
Әңгіменің ұзын ырғасы осы.
Бірінші күнгі постымда бірден айтқам, ДВД әкімдіктің тапсырысы болмаса республикалық арнаға шүйлікпейді деп.
Енді қараңыз, қауіпті деп экспертизияға жіберілген ақпарат Байзақтағы бір үйден табылған снярадтар. Оны бәріміз көрдік, бөлістік, сұмдық дедік.
Сонда, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, аудандық маслихаттың депутатының есігінің алдында тонна-тонна оқ дәрі жатқаны заңды да оны сақтандырып елге көрсеткен тілшінікі заңсыз ба?
Ішің кепкір ішкі саясатым ау «логика» деген қайдааа??
Міне, осылай бүкіл республиканы шулатып Дариға Назарбаева апым медиа форм өткізген күні «хайп» жасаған Жамангөзов енді түк білмегендей білім басқармасына кетіп барады.
Арысы Астана — Алматы, берісі Түркістан-Шымкенттің журналистері шулап араша түсіп жатқанда «Жамбыл журналистерінің көкесімін» деп көпіретін мәжлісмен Мейрамбек Төлепберген мыңқ етпеді.
Ерлан Сайров сияқты елдің депутаттарына қызығасың. Қандай мәселе болсын пікір білдіріп, ашығын айтып жүреді. Біздің тайғанақ көкеміз праймеризден кейін тайып тұрған, содан көрмедік!
Алдыңғы шепте айқайлап жүрген Көсемәлі көкем аман болсын!
Сөз соңында Сапарбаевқа рақмет айтқым келіп отыр.
Осындай олқылыққа жол берген идеолог замы Дәулет Кәрібек, апарат жетекшісі Расулды, прессегі Саматты шақырып сыбағасын беріпті. Бергенде де жаман беріпті. Әкім қатты ашуланыпты. Қалай ашуланбайды, өмір бойы журналистермен жақсы қарым- қатынаста болған Сапарбаев – «Жамбылға келіп тілшілерді сотқа сүйреп жүр» деген жақсы ат емес.
Енді бұл салаға біраз өзгерістер жасайтын шығар.?
Жасап та қоятын еді қонақ күтуден қол тимей жатыр.
Бір апта бұрын Елбасы келді, ертең премьер келеді, одан кейін президент келеді екен.
Әр келгендері бір ауданның бюджетін жұтып кетеді, азайтсаңдаршы. Онсыз да дотацияда ыңыршығымыз айналып отыр.