Мамин: Дәрігерлер жалақысы — 2,5 есе, ал студенттер шәкіртақысы 2 есе өседі

0

Дәрігерлердің еңбекақысы 2023 жылы 2,5 есеге, 561 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты.

«Жаңа сын-қатерді ескере отырып, отандық денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен, заманауи жабдықпен, диагностика әрі емдеу әдістерімен қамтамасыз ету бойынша нақты қадамдар жүзеге асырылады. Дәрігерлердің еңбекақысы 2023 жылы 2,5 есеге, 561 мың теңгеге дейін өседі. Орта медициналық персоналдың жалақысы 201 мың теңгеге дейін артады», — деді А.Мамин.

Оның айтуынша, барлық көздерден денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ЖІӨ-ден 5 пайызға дейін көтеріледі.

«2025 жылға дейін барлық өңірде 20 заманауи медициналық орталық салынады. 2022 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника іске қосылады», — деді А. Мамин.

Сондай-ақ, Жұмыс істейтін жастарға жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер беріледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді.

«Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі», — деді А. Мамин.

Жұмыс істейтін жастар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер берілетін болады.