“Министр де бар”: Қасиетті татамиге аяқ киіммен шығып кеткендер сынға қалды

0

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын тойлауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Кездесудегі ерекше жағдай фотокамераға түсіп қалған. Шараға қатысушылар дзюдада қасиетті саналатын татамиге аяқ киіммен шығып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі

Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында жарияланған суретте министрді қоршап тұрғандардың тек бірі ғана аяқ киімсіз тұрғанын байқауға болады.

Ақтоты Райымқұлова спорт мектебінде болған кездесуде Қажымұқан Мұңайтпасовтың мерейтойын министрлік республикалық деңгейде атап өтуге дайындалып жатқандығын туралы айтқан. Айта кетейік, жекпе-жек өнерінде татамиге аяқ киіммен шығу сол спортқа өмірін арнаған жандарға құрметсіздік саналады. Әсіресе, толығымен тәртіп сақталатын жапон жекпе-жегі – дзюдода ешкімнің де татамиге аяқ киіммен шығуына жол берілмейді.

Алайда министрді қоршаған адамдардың ешбірі Ақтоты Райымқұлова татамиге аяқ киіммен шығуға болмайтынын ескертпеген. Бұл сурет әлеуметтік желіде таралып жатыр. Ашық дереккөздерге сүйенсек, әлемнің 198 елінде 29 миллион адам дзюдомен айналысады.