Бердімұхамедов Тоқаевқа Ахалтеке жылқысын сыйлады (ВИДЕО)

Қазақстан Президенті Ахалтеке жылқысына арналған кешенге барды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді.
Мемлекет басшысына Түрікменстан Президентінің арғымақ аттары көрсетілді.
Іс-шара барысында құрметті қонақтар шабандоздардың өнерін тамашалады.