Бас мүфти шындықтан қашып құтыла алмайды

ҚМДБ имамдары мен Бас мүфтиге қатысты дәлелді айтылған сыннан сабақ алып, мінін түзетудің орнына мүфтияттың арнайы өкілі қашыртпа жауап беруден жалықпайтын болды. «Бас» десең, құлағын көрсететін,яғни тілі шықпаған бүлдіршіндей  әдет шығарып жүр. Аталы сөзге тоқтау атымен жоқ. Менің және басқа авторлардың баспасөзде жариялаған мақалаларына орай мүфтият өкілі төрт мәселеге қатысты үстірт  жауап бере салыпты. Мұнысы «ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайдының» кері. Қалайда діни салаға жауапты Бас  мүфтиді арашалап қалуды көздейді. Мысалы, мүфтият өкілі сын мақалаларға байланысты берген жауабының бірінші бөлігінде «Осыған дейін Діни басқарма қызметкеріне, оның діни сенімі мен көзқарасына қатысты мәселе болмаған. ҚМДБ жанындағы Сараптау комиссиясының бағалау сынынан … Читать далее Бас мүфти шындықтан қашып құтыла алмайды