Ақтөбелік «Перғауын»

0
329

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Фараондар заманынан бері билікті ешкім жақсы көрген емес» деп, әлдекімдерге жасырын сигнал жолдағандай болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

Әкімге таяған қандай тықыр?

Жергілікті «Диапазон» басылымына сұхбат берген облыс әкімі өзін еркін ұстауға тырысыпты. Облыс әкімі емес, псевдо-оппозициялық партияның лидері сияқты құдды.

«Мен – ресми лауазымды тұлғамын, сонымен қатар танымал фигурамын. Жақсы нәрселерді білмеймін, бірақ жаман нәрсенің бәрі бірінші басшымен байланысты. Фараондар заманынан бері билікті ешкім жақсы көрген емес.

Брежневтің заманында ас үйде отырып сынайтын, қазір де сол кезді сағына еске алады. Кез келген уақытта, кез келген қоғамда белгілі бір сынағыш адамдар болады. Қандай жақсы іс істесе де «билік анандай, билік мынандай» дейді. Мен оларды көпшілікке әсер еткісі келетін «агрессивті азшылық» деп атаймын.

Міне, осы агрессивті азшылыққа қозуға себеп жеткілікті. Әрине, өзін «батыр» көрсету үшін, жазылушылар санын көбейту үшін әкімді сынау – ең ыңғайлы тәсіл.

Мен көп нәрсені көрмеймін және естімеймін, өйткені тым дәумін әрі семізбін. Бұл – қалыпты нәрсе. Билік қырағы бақылауда болуы керек.

Сіздер батыста билікті сынамайды деп ойлайсыздар ма? Сынағанда қандай! Ел алдында жүрген кез келген танымал тұлға қырағы бақылауда болады. Бірақ мақсаты не: шын ниетпен әшкерелеу, дәлелдеу ме, әлде ақшасы төленген жалдамалы адамдар ма?

Біреулер өз мүддесін қорғағысы келеді, енді біреулер күйе жаққысы келеді, енді біреулерге жаман нәрсе садистік рахат сыйлайды. Егер сын конструктивті болса шара қолданып, мәселені шешу керек. Ал егер күйе жаққысы келсе, ол адамға тазалану қажет. Түсініктеме береміз және ол іске бұдан былай араласпаймыз. Соттасудың да қажеті жоқ. Сондықтан мен мұндай іске салқынқанды қараймын.

Бәріміз күндердің-күнінде қызметті өткізіп береміз, егер сол кезде жеке басқа тиісетін болса, әңгіме басқа болады. Ал қазір жағдай осыған міндеттейді», – деді Оңдасын Оразалин.

Байқасаңыз, Ақтөбе облысының әкімі біздің елдегі лауазымды тұлғаға тән емес стильде еркін көсіліп отыр. Өзін, бәлкім, биліктегі өзінен де жоғары лауазымды адамдарды фараонға теңегені былай тұрсын, Брежневтің заманынан тартып әкеледі де, өзін сынағандарға доқ көрсеткендей болады. «Әкімдіктен кетейін, сосын әкелеріңді танытам!» деп кіжінеді. Осылайша әлдекімге жасырын сигнал жолдағандай болады.

О.Оразалин мен оның істі болған орынбасары Р.Мамунов.

Сигнал демекші, Оразалинге орынбасары Руслан Мамуновтың сотталуы ауыр соққы боп тигенге ұқсайды.