«Ой сен кемпір әлі жүрсің бе?»: Жеңіс Ысқақова өзін «кемпір» деп кемсіткендердің сазайын берді (ВИДЕО)

0

Әнші өзін кемсіткен желі қолданушыларын топас деп атады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында көңіліне тиетін сөздерді әншіге Instagram, Facebook желі қолданушылары жазады.

«Қазір түсініксіз жағдай болып кетті ғой. Мен үнемі әдемі көйлек киіп сахнаға шығып бара жатқан сәтімді видеоға түсіріп алып, оны әлеуметтік желіге жүктеп жүремін. Жақында дәл сондай бейнежазбаны жариялап едім, желі қолданушылары кемсітетін сөздер жаза бастады.

«Ой сен кемпір әлі жүрсің бе?, «Сендердің әндеріңді біреу тыңдай ма?» деген сияқты әңгімелерді айтады. Топастармен топас болғым келмейді. Олардың деңгейіне түскім келмейді. Оқырмандардың барлығын «топас» деп айтудан аулақпын.

Дегенмен, арасында әдейі сондай пікір жазатындар бар», – дейді Жеңіс Ысқақова.