АҚШ-тың тағы бір штаты Украинадағы Голодоморды геноцид деп таныды

0
350

АҚШ-тың Техас штатының Өкілдер палатасы Голодоморды украин халқының геноцид әрекеті деп таныды және 2021 жылдың қарашасын қайғылы оқиға құрбандарын еске алу айы ретінде белгіледі. Тиісті қаулы 26 мамырда қабылданды. Техас штатының Өкілдер палатасының 142 мүшесі дауыс берді, ешкім қарсы болған жоқ.

«87-ші шақырылымдағы Техас заң шығарушы ассамблеясының өкілдер палатасы 2021 жылғы қарашаны украин геноцидін еске алу айы деп таниды және штат тұрғындарын Голодомор туралы ойлануға және құрбан болғандарды еске алуға шақырады», – солай Техас заң шығарушы ассамблеясының құжатында делінген. АҚШ-тағы Голодоморды геноцид деп тану жөніндегі комитет Facebook-те Техас Голодоморды геноцид әрекеті деп таныған 23-ші американдық штаты болғанын атап айтылды.

1932-1933 жылдардағы Украинадағы Голодомор – бұл Украин ССР-інің аумағында ауылдық жерлерде миллиондаған адамдардың құрбан болуына алып келген жаппай аштық. Голодомор мұражайының сайтында сол жылдардағы аштықтан қайтыс болғандардың жалпы саны 7 миллион адамға жететіні жазылған. Украинада Голодоморды КСРО үкіметі шабыттандырған украин халқының геноциді ретінде қарастырады. Украинада Голодомор құрбандарын еске алу күні қарашаның төртінші сенбісінде атап өтіледі.

1932-1933 жж. ашаршылық Қазақстанда болған және ол қолдан жасалған зұлымдылық деп толыққанды айтуға болады. Тәуелсіз Қзақстанды сақтап қалу үшін біз Қазақстанда сталиндік тоталитарлық коммунистік режимінің жасаған ауыр қылмыстарын әрқашан есте ұстауымыз керек. Жалпы алғанда, 1917 жылдан 1953 жылға дейінгі аралықта азаматтық соғыс, ұжымдастыру, үздіксіз жаппай терроризм салдарынан Ресей тек тарихшылардың мәліметтері бойынша кем дегенде 26 миллион адамды жоғалтты (және бұл 1941 – 1945 жылдардағы соғыстағы шығындарды есепке алмайды).

Тіпті соғысты да осы ұлттық трагедиямен салыстыру қиын. Біздің қазақ тарихшысы Т. Омарбеков жазғандай: «Мен көптеген архивтерді зерттедім. Халық шаруашылығы архивтері, Октябрь революциясының архивтері, Марксизм – ленинизм институтының архивтері. 1931 жылдан 33 жылға дейінгі үш жылдағы қазақ халқының шығындарының нақты сандарын мен халық шаруашылығы мұрағатының есеп бөлімінен таптым. Бұған дейін Голодомор кезінде бір миллион жеті жүз мың адам қайтыс болды деп айтылған, бірақ мұрағат деректері бізге басқаша көрсеткіш береді. Үш миллион үш жүз жетпіс тоғыз мың бес жүз адам сталиндік Голодоморда қазақ жерінде қаза тапты».

Өркениетті әлем шындықтың жария болуы мен тоталитарлық режимнің қылмыстары тарихи-құқықтық бағаға ие болуы үшін барлық мүмкіндікті жасады.
Голодомор кесірінен миллиондаған кінәсіз украиндық пен қазақтардың Сталиннің тоталитарлық режимінің кесірінен аштықтың азабын тартты.

Украинаның шығысында жалғасқан ресейлік агрессия 10 мыңнан астам адамның өліміне әкеп соқтырды, дегенмен украиндықтардың жарқын болашаққа ұмтылуына кедергі келтіре алмайды. Ресей украин халқының рухын жеңе алмайды. Америка Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын және украиндықтардың өз курстарын таңдау құқығын қолдайтынын растап отыр.

2016 жылы Украинаның Жоғарғы Радасы 1932-1933 жылдардағы Голодоморды украин халқына қарсы жасалған геноцид ретінде тану туралы өтінішпен демократиялық мемлекеттерге жүгінді. Қазір 24 мемлекет Украинадағы Голодоморды «геноцид» деп таныды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты