«Әлем ханымы-2020»: Қайрат Нұртастың келіншегі бас жүлдені алды
Танымал әнші Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы-2020» байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
Қуанышты жаңалықты Әбдікәрімова желідегі парақшасында бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Сүйінші, Қазақ елі және мені қолдаған Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолстан, Ресейлік оқырмандар! Алланың қалауымен, халықтың қолдауымен “Әлем ханымы 2020” байқауының бас жүлдесі бізге бұйырды!!! Бұл жеңіс менікі емес, біздікі! Мақсатым — басыма тәж кию емес, көк туымды желбірету!» — деп жазды ол.