Адал партиясы 29% дауыс жинап екінші орынды алды — Мақсат Толықбай

0

Белгілі журналист Мақсат Толықбай желідегі парақшасында сайлаудағы тәуелсіуз бақылаушылардың нәтижесін жария етті.

«Тәуелсіз бақылаушылардың протокол нәтижесі енді бітіпті. «Адал» партиясы 29 процент дауыспен екінші орын алды. Ең көп дауыс берген Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы», — деп жазды Мақсат Толықбай.

Қазақстандықтар бұл нәтижеге толықтай сенім артатынын жеткізді. «Тәуелсіз бақылаушылардың протоколын есепке алмайды ғой бұлар» деп өкінішін білдірді Сәуле Әбединова. Тіпті, бұдан да көп дауыс бергеніне сенімді екенін жеткізгендер болды.

Еске салайық, «Қоғамдық пікір» ұйымының сауалнамасының нәтижелерін сүйенсек, «Nur Otan» (71,97%), «Ақ жол» (10,18%) және «Қазақстанның Халық партиясы» (9,03) Парламент мәжілісіне жолдама алған. Мәжіліске өту үшін сайлауда 7% шектік көрсеткіштен жоғары дауыс жинау қажет.