Тәжікстанда жезөкшелер үйін ашқандарды ата-ана құқығынан айыру ұсынылды

0
57
Сурет: www.zakon.kz

Тәжікстанда 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің жыныстық еркіндігі мен жыныстық қол сұқпауына қарсы жасалған қылмыстар үшін сотталғандарды, сонымен бірге жезөкшелер үйінің иелерін ата-ана құқығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

11 қаңтарда ел парламентінің төменгі палатасында «Отбасы» кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды. Онда кодекстің тоғыз бабына өзгерістер енгізу, сонымен бірге 11 баптан тұратын жаңа екі бөлім қосу ұсынысы жазылған.

«16 жасқа толмаған жасөспірімдердің жыныстық еркіндігі мен жыныстық қол сұқпауға қарсы қылмыс жасағандар және жезөкшелер үйін ашқандар ата-ана құқықтарынан ажыратылады»,- деп жазылған кодекстің 69-бабына қосылған мәтінде.

Өткен аптада азаматтық қоғам өкілдері президент Эмомали Рахмонға және парламенттің екі палата спикерлеріне қайрылып, Тәжікстандағы жасөспірімдерді сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғауды сұраған.

2020 жылы желтоқсанда Гиссар қалалық соты жасы кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырып, бірақ рақымшылық заңына сәйкес сот залынан босатқан. Соттың бұл шешімі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызған.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету