Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері

0

МАЗМҰНЫ

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..6

1 Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері

1.1Жыраулық һәм ақындық поэзияның даму
жолдары … … … … … … … … …9

1.2 .Жыраулар мен ақындар мұрасының ауыз әдебиетімен
байланысы … … … … … … .. … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … ..14

2 Жыраулар поэзиясындағы әйелдер бейнесінің сомдалудағы көркемдік
ерекшелігі мен эстетикалық тәлім – тәрбие сипаты

2.1 Жыраулардың әйел образын сипаттаудағы көркемдік
ерекшеліктер … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … ..2 0

2.2 Жыраулар шығармасындағы әйелдер бейнесін сомдаудағы
үндестіктер … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … …36

2.3 Тарихи толғаулардағы эстетикалық тәлім — тәрбие сипаттарының
маңызы … … … … … … … . … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … .52

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..61

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… .63

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХҮІІІ ғасырда өмір кешкен суырып салма ақындар
мен жыраулар шығармасында ел өміріндегі күрделі тарихи оқиғаларға үн қосып,
өз заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп отырды, өткен күн, озған
дәурен, көне тіршілік шежірешісі болды. Үнемі халық жағынан табылып, елдің
бүгіні ғана емес, болашағы үшін де аса мәнді идеялардың ұраншысы қызметін
атқарды. Бұл тақырып сол кездің ақын-жыраулар шығармашылығында кең орын
алған Ақтабан шұбырынды оқиғасы ауыз әдебиетінде Қаратаудың басында көш
келеді, Шаңды жорық толып жатқан аңыз- жырларды туғызды. Әрбір шығарма
көтерген тақырыбына байланысты дәуір, заман сипатын, адамдардың өзара
қатынасын, олардың қақтығыстары мен сезім дүниесін ашуды көздейді. Өз теңін
тауып, сүйгеніне қосылуды арман еткен Тоғжан, Ақтоқты, Ұрқия, Қадиша,
Самал, Назгүл, Бәну, Күнбөпе, Нұрбике образдарынан олар өмір сүрген дәуір
шындығын көру қиын.
Көркем әдебиетте тарихи-философиялық ұғымға ие қос категория- мазмұн
мен пішін бар. Әдеби шығарманың мазмұны — өз эстетикалық идеалының
тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмірде пішін — осы шындық тұтастырыла
жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі — деген
пікірге сүйенсек, авторлық ұстанымда туындыларда әйел образын сомдаудағы
негізгі мазмұнмен, көтерген рухани – әлеуметтік проблемалармен шебер
ұштасқанын баса айтумыз керек. Бұл-мәселенің бірінші жағы болса, әр
автордың өз қаһарманын жан-жақты кескіндеп, ұлттық болмысқа негізделген
характерін ашудағы талпынысы оның әйел образын жасаудағы эволюциялық өсу
жолын үнемі назарда ұстағанынан көрінеді.
Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, ішкі рухани әлемі, тарихи кейіпкердің
алапат оқиғалар аясындағы сомдалу, характердің ашылу принциптері
қарастырлады. Әдебиет – адамтану ғылымы. Адам – күрделі жұмбақ. Ал, сол
әдебиеттің мұраты- эстетикалық идеалды ұлықтау. Бала тәрбиесі – қыз
тәрбиесі. Эстетикалық идеал – әйел. Ол – бүкіл көркемдіктің, сұлулықтың
махаббаттың символы. Ендеше, дүниетаным, эстетикалық ұстаныммен әйел
характерін қалай ашамыз. Әйел образын жасаудағы эволюциялық өсу жолын үнемі
назарда ұстағанынан көрінеді. Дүниедегі ең ардақты адам – ана. Перзентке
әлемнің жарығын сыйлайтын болғандықтан да ол – құдіретті адам! Ана – ақ
сүтімен нәрестеге нәр беріп, түн ұйқысын төрт бөліп әлдилейтін, бесігін
тербетіп, туған тілін құлағына сіңіріп, перзентін шексіз махаббатқа,
мейірім, шабағатқа бөлейтін ардақты жан.
Тарихтың жабылып кеткен көне беттерін жер бетіндегі бар тіршіліктің
бастау көзі, от басының қамқоршысы, елдің ұйтқысы – береке-бірліктің
бастаушысы деп санаған. Көне түркілерде Ұмай ананы шаңырақтың желеп-жебеп
жүрер киесі, қасиетті қорғаушысы деп жазады.
Ерекше атап өтерлік бір мәселе, Қазақ хандығы тұсында туған шығармалар
түркі әдебиетінің орта ғасырдағы әдеби жәдігерлерінде кездесетін
дидактикалық мәселелерді кеңінен қамтып, адамдық, иман, елдік пен ерлік
тақырыбын дамыта жырлаған. Демек, арғы Қарахандар дәуіріндегі шығармаларда
жырланған дидактикалық мәселелері жыраулар поэзиясында әдетте нақыл-
қанатты сөздерден құралған философиялық толғаулар түрінде
келеді.Толғауларда жырау өзінің адам және заман жайында түйгендерін,
тіршілікте,табиғатта жүріп жататын өзгерістер, оның мән – мағынасы
жөніндегі түсініктерін баяндайды. Өздері өмір кешкен жаугершілік заман
талабына сай ғұмыр кешкен, кейде тіпті батыр, қолбасы да болған жыраулар
ерлік сарынды отаншыл жырлар туғызады. Жыраулар қолданған көркемдік
тәсілдер жырау поэзиясының ішкі мазмұнына орайлас.
Дипломдық жұмыстың мақсат-міндеттері.Қазақтың тарихи сипатағы
шығармалары сомдаған әйел бейнесінің қыр – сырына, танымдық- тағылымдық
сипатына, көркемдік-эстетикалық әлемін ғылыми зерделей отыра, сол тұстағы
ұлттық әдеби үдерістің өре-деңгейіне саралап жүргізу. Міне, осы мәселелер
дипломдық жұмыстың мақсатын айқындайды.
Аталған мақсатымызға жету үшін төмендегі міндеттер екшеліп шығады:
жыраулар поэзиясындағы әйелдер бейнесінің сомдалу және көркемдік
ерекшелігі:
— жырау дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі қалыптасуын қарастыру;
— жыраулар поэзиясына жалпы түсінік беру;
— тарихи толғаулардағы эстеткалық тәлім — тәрбие сипаттарының маңызы;
— жыраулардың әйел образын сипаттаудағы ерекшеліктер;
— жыраулар шығармасындағы әйелдер бейнесін сомдаудағы үндестіктер;
Дипломдық жұмыстың нысаны.Жыраулар поэзиясындағы әйелдер бейнесі
негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы.Қазақ әдебиеті жыраулар поэзиясындағы
әйел адамның ішкі әлемін, рухани болымысын бейнелеудегі қазақ поэзияның
шығармашылық дүниетанымы жан-жақты саралау нысаны әлі қарастырылмаған.
Біз аталмыш жұмысымызда, бірінші кезекте жыраулар поэзиясындағы
әйелдер образының көркемдік-эстетикалық сипаттарын сомдалу ерекшелігі
жайына ғылыми тұжырым жасадық.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.Жыраудың ғасырлар көгінен
өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман
таңбасы түз көшпенділерінің дүние танымы, адамдық табиғаты мінез
ерекшеліктері, моральдық, этикалық қағидалары айқын аңғарылады. Жыраулар
мен ақындар поэзиясының жанрлық қырлары мен өлең құрылысында, көркемдік
ерекшелігінде, әдеби анықтамалары жүйесінде А. Байтұрсынов, З. Қабдолов, М.
Базарбаев, З. Ахметов еңбектерінде ойлы пікірлер кездестіруге болады.
Соның нәтижесінде жырау мен ақын анықтамасы, оларға тән ерекшеліктері,
өлеңдік түрлері, дәстүрлі әдебиетімізде ғылыми мәнде айқындалды.
Толғау жанрына байланысты ғылыми зерттеулер жарық көре
бастады. Қазақтың белгілі ғалымдарынан А.Байтұрсынов, Е.Ысмайылов,
Қ.Жұмалиев, Р.Бердібай, М.Жармұхамедов, Б.Абылқасымов т.б. толғау
жанрына байланысты қомақты ойлары әдебиеттану ғылымында ойып алатын
орнын айқындаған жемісті еңбектер болды. Белгілі ғалым Р.
Бердібаевтың: Жыраудың философ ойшылдығы мен ғибратшылдығы дүние
сырын кеңінен шолып, терең салыстырулар жасайтындығы толғаулардан
айырықша көрініс береді, — деді. Демек, Асан Қайғыдан басталған
жыраулық мектеп ұстанымы ойшылдық сарын әлеуметтік мәселелер
төңірегінде жырланғанын дөп басып айтады.
Дипломдық жұмыстың әдістері мен дереккөздері.Жыраулар
шығармашылығындағы әйелдер бейнесінің сомдалудағы үндестігін салыстырып,
көркемдік ерекшелігін талдап, эстетикалық сипатын жүйелеп жинақтап
қолдандық.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплoм жұмысы кiрiспeдeн, eкi
тaрaудaн, бірінші тарау екі тараушадан және екінші тарау үш тараушадан,
қoрытынды жәнe пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.

.

1 Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері

1.1 Жыраулық һәм ақындық поэзияның даму жолдары

Әдебиетімізде өзінің жанрлық белгі сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке
сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше.
Жыраулар әлеуметтік мәні зор ірі, келелі мәселелерді жырласа, ақындар
өмірмен қоян-қолтық, бетпе-бет келіп, санқилы тақырыпта өлеңдер
шығарады.Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса
дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем
шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып, бейнелеуге әр
кез елеулі үлес қосып отырған. [1, 31 б].
Халықымыздың поэзиялық мұрасын атадан балаға ұластырып, айтып жеткізушілер
–жыраулар мен ақындар.Ол мұралар ішінде жыраулар мен ақындар төл
шығармалары да, оларға әріден жеткен бағзы жырлар да, сол дәуірде туған
эпостық туындылар да болуы мүмкін.Демек, жыраулар мен ақындар желілі
жырларды тудыруға атсалысып, өзі қадір тұтқан поэзиялық мұраларды жырлап,
таратып отырған.Ақын,жырулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан
өткен тарих іздері сайрап жатыр.
Толғау жанрының қалыптасып, өркен жаю кезеңінің ірі өкілдері Асан
Қайғыдан басталып, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Ер Шобандар сол өздерінен
бұрынғы қалыпты дәстүрді жалғастырып дамытты.Бұл тұста толғаудың
әлеуметтік қоғамдық мәні артып, арнау, дидактика үлгісіндегі жырлармен
толыса түсті.Асан Қайғы өмір сүрген кезеңнің қат — қабат қиындығы мен
күрделігі де елеулі әсер етті. Керей мен Жәнібек бастаған елдің көшіп, Шу
бойында жеке хандық құруының өзі өте маңызды мәселе еді.Асан көші-қонға
қарсы болса да, болашаққа зор үміт артып, қазақтың алғашқы ханы Жәнібек
(ХҮғ.) ел басқару ісіне жиі араласып отырады. Осы мәселелерге сәйкес ол
Әй, хан, мен айтпасам білмейсің, Қырында киік жайлаған, Алты атанға
қос артып атты толғауларын тудырып, ел бірлігі мен іргелі қоныс жайында
арнайы тоқталады.Ханның мін кемшіліктерін бетіне айтады. Бейқамдық пен
менсінбеудің мастанудың жақсылыққа алып келмейтінін ескертеді.Ақындық және
жыраулық поэзияның өзіндік сипат-белгілерін бұлардың өмір шындығын
суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңге шыққан
авторлардың нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр
жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерін көреміз. Дәл осы аталған
поэзияның жазба әдебиетіміздің негізін қалаған ұлы Абайға дейін де, одан
кейін де дамып келгені мәлім.
Белгілі бір дәуір талабына орай ұлы Абай бір кезде:
Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлең бірі-жамау, бірі -құрау.
Әттең, дүние -ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде- ақ көрініп тұр-ау, — деп, өзіне дейінгі бір топ ел
ішінде аты белгілі ақын, жырауларды қатты сынға алса да, олардың
шығармаларын оқып білді. М.Әуезов кезінде дәл басып танып: Жырау демек,
ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның
өз шығармасы – толғау. Жыраудың мақсаты міндеті – не болса сол көңіл ашар
, әлдене дерліктей сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір
болжамын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау,
әрі би болады, — деп бағаласа, ақындық дарынның ерекшелігін Е.Ысмайылов:
Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой — өрісі дәрежесінде
таниды. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап
кетеді,-деп жазады. Бұл тұста ең алдымен М.Мағауиннің Қобыз сарыны атты
кітабы мен Қ.Сыдиықовтың Ақын – жыраулар, Е.Тұрсыновтың Қазақ ауыз
әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері деген зерттеулерін,
Ә.Дербісалиннің Дәстүр және жалғастығы атты монографиясы мен Ерте
дәуірдегі қазақ әдебиеті атты бірлескен еңбекті бөліп атауға болады.[4, 45
б].
М.Мағауин аталған зерттеуінде ХҮ –ХҮІІІ ғасырларда жасаған ақын,
жыраулар шығармашылығын алғаш рет жеке алып арнайы қарастырумен қатар, сол
кітаптың Ақын және жырау атты соңғы тарауында бұл күрделі мәселені жыр
құрлысы ( ұйқас, ырғақ, бунақ, тармақ т.б.) ерекшеліктері тұрғысынан да
байыппен ашып талдайды.
Жырау деген термин өзіміздегі жырлау, жыр айту, жырламақ
сөзінен келіп шыққан. Мұның түп төркіні байырғы жыр, жыршы деген
ұғымдармен астасып жатыр. Ш.Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен
қобыз сүймелдеуі арқылы орындалып, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге
құрылатынын айта келіп: Жыр дегеніміз- рапсодия Жырламақ етістігінің
өзі белгілі бір әуенмен жырлау мағынасын білдіреді. Бір жәйт: батырдың
өмірі мен ерліктеріне қатысты оқиғаның бәрі қара сөзбен баяндалады, жыр
поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана
қолданылады, — деп жазды. [1, 35 б].
Рас, жыр, жыршы деген ұғымдар әдебиеттімізде ерте кезеңдерде- ақ
туып қалыптасқан. Бұған өз жанынан шығарып айтуға мүмкіндігі бар әр алуан
суырып салма ақындар жатқызылып келген. Қазақтағы жыр өлеңнің түр мазмұн
құрлысындағы айырмашылық белгілерін алғаш танып әңгімелеген кісінің бірі –
Құрбанғали Халидұлы ол ақын мен жыршының өлеңшілердей емес, өз жанынан
шығарып айтатын дарын қасиеті бар деп санап: Ақындардың бір бөлігін
жыршы дейді. Бұлар ақынмен тең түседі. Шығармаларында айырмашылық бар.
Ақын шығармасын өлең дейді. Олардың бір жолы төрт немесе одан да көп сөзден
тұрады. Ал жыр болса, одан гөрі қисынға құрылған қиыннан қиысқан үш сөзден
тұрады. Мысалы, Бұхар жыршының жыры (поэзиясы), Асан атаның мақал сөздері
және Абылай хан қайтыс болғандағы Бұхардың көңіл айтуы да жырға жатады.
В.В.Радлов жырды шумаққа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр жоқтау
деп жіктеп, ал жырауды – жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы
(предсказатель) деп түсіндіреді. Сондай- ақ, қазақ жырының көнелі сипатын
әңгімелегенде Қайсібір жырларда көне түрік ұйқастарының заңдылық іздері
сайрап жатыр, бұны, әсіресе сондағы аллитерация, акростих және ішкі
ұйқастар мен көне мәтелдерден айқын аңғаруға болады,- дейді. Сөйтіп, жыр
мен жыраудың импровизация тарихында ең көне тип екендігі Ш.Уәлиханов,
Ә.Марғұлан, В.В.Радлов, Жирмунский, Х.Зарифов, М.Әуезов, С.Мұқанов,
М.Мағауин, Ә.Дербісалин, З.Ахметов, Х.Сүйіншалиев, Н.Келімбетов,
Е.Ысмайлов, Р.Бердібаев, Н.С.Смирнова, Е.Тұрсынов, Қ.Айымбетов зеттулерінде
түгел мақұлданған. Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, З.Ахметов сияқты әдебиетшілер
жыраулардың эпикалық жыр тудырудағы рөлімен қатар, алдын болжағыш, білгір
көрегендік қасиеттері баса көрсетеді.
Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп:
Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып көбінесе заман- дәуір, өткен
мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар мен
болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған,- деп ой түйсе, Ә.Марғұлан:
Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейтесті арманының мұңшысы, жыршысы
ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр бермеген. Ел
құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол
таба алмай, тығырық тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып,
кеңес сұрайтын болған. Болашақты барлап болжам айту –көреген де білгір
жыраулардың поэтикалық өнердің басты тәсілі болып саналған,- деп жазады.
Ал, З.Ахметов жыраудың әлеуметтік қызметтін эпостық жырлармен байланыстыра
қарап: Жыраулар творчестовасының жанрлық ерекшеліктері,олар өз жырларын
қазақ халқының көне поэтикалық үлгісі-толғаулар арқылы таратқан. Жырау
сөзінің көп мағынасы эпостарда ғана сақталып қалған. Мұны эпостық
кейіпкерге айналған Сыпыра бейнесінен анық аңғарамыз.Бертін келе бұл ұғым
өзгерген, жаңа мағынасында қолдана бастады,-дейді. Жыраулар импровизация
дәстүрін қалаушылар емес, оларды жалғастырушылар Ә.Тәжібаев: Жырау- сөз
жоқ ақын. Ақын болмай жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы
күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын
бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады. Ал, жыраулық – ертеден келе жатқан
халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы,- деп жыраулық дәстүрді
әдебиетте орны бөлек, жеке сала ретінде қарасытырады.Ал, Ә.Марғұлан:
Жыраулар эпикалық жырды жасаушылар болумен қатар, қоғамдық өмірдің
барысын, болашақты болжап айтатын жеке профессионалдық топтың да ірі
өкілдері. Бұл пікірді Ә. Қоңыратбаев әрі қарай жалғастырып:Ертегі, ұсақ
салт жырлары жәй айтушылардан басталса, эпос профессионал жыраулардың
үлесінде болған- дейді. Бұл- әдебиетіміздің дамуындағы өзге де қайталанбас
басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. [1, 38 б].
Қазақ жырларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп
қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған
алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық ( Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл
дәуір ХІ-ХІҮ ғасырларды қамтиды.Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін
екінші топқа Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет шығармалары
кіреді.Мұның кезеңі ХҮ-ХҮІ ғасырлар.Үшінші топты жыраулықтың әбден
толықсып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет,
Тәтіқара,Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған ХҮІІ –ХҮІІІ ғасырлар
жатады.Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді жыраулық
поэзиясының бірде-бір көрінісі- толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет.

Толғау – әдебиетіміздің өз ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде
туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі-, дейді Б.Әбілқасымов.
Толғау қазақтың жыр толғау, толғап айту деген сөзінен алынып, жеке
термин ретінде әдебиетімізде кейінгі Кеңестік дәуірде ғана қалыптасты.
Толғаулар өзінің жүйелі табиғатымен оқиғасы бар жырға тонның ішкі
бауырындай жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық өмірінің аса бір
жауапты, күрделі қиын бір тұсында айтылып таралғаны аңғарылады. Жыраулар
толғаған суырып- салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдармен де,
жеке адам бейнесін жасаған салиқалы да тартымды, мазмұнымен де дараланады.
Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы
ерекшеліктермен мұны эпикалық жырларға көп ұқсатады. Мәселен, Сыпыра
жырларының жеке күйінде жетпей, эпостарда кездесуі де көп мәселенің сырын
аңғартса керек.
Әрбір әдеби туындылардың алғаш пайда болуы мен қалыптаса дамуы соның
авторларының аренаға шығуы мен тікелей байланысты десек, толғау жанырының
ең алғашқы өкілдерінің бірі деп, ең алдымен, Сыпыра жырауды айта аламыз.
Рас, оған дейін де кейбір деректерге қарағанда Ұлық жыршы, яки Аталық
жыраудың (13ғ) бар екенін білеміз. Тіпті бұдан ілгері, Шоқан Уәлиханов
айтқандай: Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен бірінші жыршы -Қорқыт ата
бар. Өкінішке орай, Қорқыт атаның жырлары белгісіз бір себептермен бізге
жетпей, оның орнына сол туралы тек үзік-үзік аңыздар мен әпсаналар ғана
сақталып қалған. Ал, Ұлық жыршы, яки Аталық жырауға (кейде Кетбұға деп те
аталады) келсек, оның Жошы хан өлгенде әкесінің айтқаны деген жалғыз
жоқтау жыры мәлім. Оғызнаме дастанында да Оғыз қағанға жыр толғап,
болашақты болжайтын керемет толғаулар айтады.
Дегенмен, әйгілі Қорқыт ата кітабында әрбір келелі оқиғаларды
баяндау алдына үнемі Қорқыт атынан бірде Дерсе, енді бірде Баяндүр ханға
арналып айтылатын сөздердегі Қорқыт атам сөз сөйлеп, жыр толғады. Бұл
хикаяны өзі шығарып, өзі жырлады деп, үнемі қайталанып келетін жолдардың
өзінен- ақының жырды суырып салып айтқан Көмекей әулие -жырау болғаны
айқын аңғарылады. Осы баяндаулар өзінің арнау үлгісінде келуі мен ұлағатты
мазмұны арқылы да қалыпты жыраулар поэзиясына жақын тұр. Бір кезде толғау
түрінде айтылған бұл жырлар кейін қара сөзге айналған тәрізді. Бұлардан
Сыпыра жырау жырларының табиғаты біршама өзгешелеу.
Сыпыра жыраудың аты да, толғауы да белгілі бір себептерге орай
эпикалық жырлар (Ер Тарғын) мен ертегілерде (Құбагүл) ғана ұшырасады.
Бұларда ол ел-жұртқа қадірлі ақыл иесі, көп жасап, көпті көрген дана, алдын
болжағыш абыз, сәуегей кісі болып суреттеледі. Ханда, қара да ақыл таппай
қысылып тығырыққа тірелгенде, көпті көрген көне Сыпырадан кеңес сұрайды.
Мұның бәрінде де Сыпыра Алтын Орданың белгілі ханы Тоқтамыстың қасындағы
көреген биі, кемеңгер ақылшысы ретінде сипатталады. Қазақ жырлары мен ноғай
ертегілеріндегі Сыпыра бейнесі бір-біріне табиғи өте ұқсас, көп жасағаннан
адам көрер түсі жоқ, аузында отыз тісі жоқ деп сиықсыз да ұсқынсыз қарт
болып сипатталады.
Сол аңыз — ертегілер мен батырлық жырларда жиі аталып, өзінің 180жыл
жасаған өмірінде тоғыз ханды қолынан өткізіп, тоғыз ханды түзеткен Сыпыра
туралы тарихи деректер жоқтың қасы. Алайда, Сыпыра жырау туралы айтқанда,
ең алдымен, білікті ғалым Ә.Марғұлан еңбектерін негізге алған жөн. Ол кісі
дала эпостарын жасаудағы жалпы жыраулардың, соның ішінде Сыпыраның рөлін
өте жоғары бағалай отырып, оны XV-XVII ғасырлардағы көптеген қазақ
ақындарының көшбасшысы және ноғай-қазақ эпостарын (Ноғайлы жыры) бірден-
бiр жасaушы кісі — деп көрсеткен еді. Заман талабына сәйкес жыраулар
қашанда хан қасынан табылып отырған, демек, бұған Сыпыра жырау өмірі де
айқын дәлел. Ол әр алуан жырларда ең әуелі Тоқтамыс хан мен Ер Тарғын
батырды татуластырушы, енді бірде Едіге мен Тоқтамыс арсындағы кек-
жанжалды басушы, тағы бірде Тоқтамыс ханға қарсы көтерілген халық толқуын
кемеңгерлікпен тоқтатушы данышпан ретінде көзге түседі.
Сөйтіп, жыраулар, көбінесе, өзінің көріпкел, болжағыштық, дана
кемеңгерлік қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі бір ханның қысылғанда
кеңес сұрар ақылгөй жыршысы, салауатты биі болғанын көреміз. Бұған дәлел
ретінде көне дәуірдегі Қорқыт пен Дерсе, яки Баяндүр хан, Ұлық жыршы мен
Оғыз қаған, Ұлық жыршы мен Шыңғыс ханнан бастап, бертіндегі Сыпыра мен
Тоқтамыс, Асан қайғы мен Жәнібек, Шәлгез бен Би Темір, Жиембет пен Есім,
Бұқар менен Абылай хандардың іс-әрекет, қарым- қатынастарын айта аламыз.
Бұл туралы кезінде: Әрбір хан өз қасында ақылшы болатын биді таңдағанда,
ең алдымен, сөз тапқыш, өткір деген суырылған шешеннен, судырлаған ақыннан
алатын. Бұлардың саяси салмағы зор болғандықтан, аузынан шыққан сөз де олқы
болмауға тиіс. Көлденең кісі мін таба алмайтындай, қоржындай ауыр, оқтай
жұмыр, өтімді болуы керек. Бұлар қазақтың жоғарғы табынан шығып, ел меңгеру
жолындағы саясат адамдары болғандықтан, көпке айтқан сөздерінің бәрі ел
мұңына, ел қамына арналған сөздер болады, -деп М.Әуезов айтқандай,
жыраулардың әлгіндей өз бастарындағы артық қасиеттерінен тыс, азулы жуан,
саны көп рулардан шығуы да тіпті өзінің ел тағдыры шешілетін ауыр
кезеңдерде қол бастайтын әскербасы- батыр болуы да хан қасынан табылуға
мәжүр еткен. Олардың хан қаһарынан қаймықпай қашан да батыл сөйлеп,
шындықты тайсалмай бетке айтуы да осыдан. Қазақтағы Әр ханның тұсында бір
сұрқытай деген мәтелдің шығу төркіні де осы айтылған оймен терең сабақтас.
Бұған ақындар өмірі де айғақ бола алады.Мәселен, Сыпыра тұлғасы үнемі
біздегі батырлар жыры мен ертегілердің басты қаһарманы ретінде суреттелу
арқылы өзінің жыр толғаумәнерімен де, көреген сәуегейлігімен де қалыпты
жырау болып танылды. Ер Тарғын жырында айтылғандай, ел-жұрт одан ханның
екіжүзділігіне, алдауына қатты ренжіп кеткен батырдың қайтып келер-келмесін
болжап айт дегенде, ол ел бірлігі мен жұрт татулығына орай хан
тобындағыларды әдейі сақтандыра татулыққа шақыра сөйлесе, ал Тарғын
батырға арналған толғауында Сыпыра жырау ханның екіжүзділігі мен аярлығын
бетіне басып, батырды ел мүддесі үшін бірлікке, ерлікке шақырады, хан
берген сыйлықпен бітіс, хан қызын алып қайтесің? деп салиқалы кеңес
береді. Бұл толғауда шешендік тәсіл мен ұтымды дәлел, қисынды қайталаулар
жиі де орынды қолданылады. Жырау Тарғын батыр мен ханның екіжүзді әрекеттен
өзара жауласуға бет бұрған тұстарын бейнелі де әсерлі оймен
кестелейді.Мұндай тәсілдің жыраулық поэзияда өте сирек ұшырасатынын
мәлім.Жырау әуелі сұңқар мен көгілдірін ерткен қу бейнесін еске алып:
Әй, батырым,батырым,
Таудан тарлан ақырса,
Тас мұрынын ару сұңқар сызғырса,
Көгілдірін ерітіп,
Көлден қулар ұшар ма?[1, 44 б].
Бұл толғау 7-8 буынды құрлысымен де, ойды астарлап,жұмбақтап айтатын
бейнелілік тәсілдермен де тұрақты қайталауларды ұтымды қолданумен де
эпикалық жыр ішінде айтылғанына қарамастан,қастерлі толғау жанырын еске
салады. Сонымен әдебиетіміздің ең алғаш эпикалық жырлардың ішінде келсе де,
авторлығы мәлім толғау жанры туып пайда болды.Олар заман, дәуір талабына
орай хан мен би, сұлтандар қасынан табылып, солардың сұраған мәселелері мен
болашақ туралы сан қилы толғаулар тудырып отырған. Сөйтіп,бұл туындылар
әлеуметтік мазмұнға құрылған сипаттары мен ел болашағын жырлауы тұрғысынан
дараланып келген, осы дәстүр кейінгі жырлардан да мол көрініп, кең көрніс
тауып, мазмұны мен көркемдігі жағынан кемелдене түсті.

1.2 Жыраулар мен ақындар мұрасының ауыз әдебиетімен байланысы

Жыраулар мен ақындар мұрасы халық ауыз әдебиетімен тақырып, мазмұн,
жанрлық жағынан сабақтас, байланысты келеді. Эпостарда, тұрмыс-салт
өлеңдеріндегі елдік, ерлік, игілік, ізгілік – адам өмірінің сан алуан
мәселелері ақын, жыраулар поэзиясының да тұрақты тақырыбына айналады.
Ақын, жыраулар халық ауыз әдебиетіндегі толғау, өлең, ерлік жырлары,
айтыс сияқты жанр үлгілерін қолдана білді.
Жыраулар негізінен жыр үлгісіндегі толғау түрін көбірек пайдаланды.
Толғау көшпелі өмір кешкен елдің ақпа-төкпе ақыны селдетіп қолма-қол
айтуға, табан астынан жедел жырлауға ең лайық түр болды. Ақындар жыр толғау
мен қара өлеңді қатар пайдалана білді. Жыраулар мен ақындардың саяси —
әлеуметтік, философиялық — дидактикалық, лирикалық толғаныстарының хан мен
батырды асқақ жыр күйінде өр пафоспен мадақтап, не кектене мінеп айтқан
тебіреністерінің көбі толғау түрінде көрінеді. Демек, толғауда ақын,
жыраудың қуанып, шаттанған, не кектеніп ызаланған жан тебірінісі де, сол
дәуірдегі әлеуметтік ірі оқиғаларға айтқан парасатты пайымдаулары да, яки
дүние, өмір, адам, табиғат, заман сырын таразыға салып тебіренген
философиялық- дидактикалық пікірі де бой көресетеді.Толғауларда тебіреніс
сезім де, терең ой да, ұшқыр қиял да, өр пафос та өріле келеді. ХҮ-ХҮІІІ
ғасырдағы жыраулар мен ақындар толғауларындағы осы сипаттар ХІХ – ХХ
ғасырдағы халық поэзиясы өкілдеріне һәм казіргі жазба ақындарға да өнеге
болды. Жазба ақындар шығармашылығыда бұрын толғау табиғатынан танылатын
қасиеттерді енді лирика атқара бастады. Толғау табиғатында тек лирикаға тән
тебіреніс, толғаныс қана емес, үндеп, жарлап жалындай келетін жауынгерлік
рух, өмір, дәуір, заман, т.б. сан алуан мәселелерді кеңінен қамтып,
шабытпен шалқыта бейнелейтін көсем сөз– публицистиканың да сипаты танылады.
Жыраулар мен ақындар мұрасында халық ауыз әдебиетінің, әсіресе тұрмыс-
салт жырларының бірқатар жанрлық үлгісі кездеседі. Мысалы, қоштасу
Доспамбет: Айнабұлақ басы тең, Қазтуған: Алаң да алаң, алаң жұрт,
естірту, жұбату Үмбетейдің, Бұхардың Бөгенбай өлімін Абылайға
естіртулері, жұбату Бұхардың Әз Тәуке ханның баласы өлгенде айтқаны,
жоқтауҮмбетей: Бөгенбай өліміне, Бұхар: Күпшек санды күреңді, жұмбақ-
жауап Бұхар: Ханға жауап айтпасам, ақындық, шешендік сын Асан: Құйрығы
жоқ жалы жоқ…,Тәтіқара: Ассалаумағалайкум, жайсаңдар мен қасқалар,
Шәлгез: Еділден шыққан Сызашық, Бұхар: Рулының оғы қалса табылар,
Жиырма деген жасыңыз, Әй, Абылай сен он бір жасыңда Шал: Дүние деген
шолақ депті, Жақсы жаман туралы, Шал ақынның сыны, Қыздар туралы,
Алғаның жақсы болса қара жердей, Жігіт туралы, Кедейлік туралы,
Ұлғайып қартаяды жастан адам, Он бесте тартып міндім аттың жалын т.б.,
айтыстар Шал: Шал мен Күлімжан қыз, Шал мен кемпір, Жігіт пен Шал,
Шал мен Дегдар қыз. Ақыл –толғауындағы Асан: Еділ бол да Жайық бол,
Бұхар: Жар басына қонбаңыз … Нақыл Асан: Заманыңды жамандап,
Шалкиізде: Шақырмақ бұл жай тастар, Жыраулардың бір сала толғаулары-
арнаулар. Асанның Жәнібекке айтқан толғаулары: Қырында киік жайлаған,
Әй, хан, мен айтпасам білмейсің, Шәлкиіздің би Темірге айтқаны,
Үмбетейдің Бәкеге, Жарқашарға, Бұхарға арналған толғаулары, Бұхардың
Ай, Абылай, Абылай аталған толғаулары т.б [72 б]
Арнаулар мазмұны жағынан әрқилы. Асан Әз Жәнібек ханға айтқан
толғауларының бірінде әуелі байсалды байыппен жай, жұмсақ айтып көзін
жеткізіп алып барып ақылсыздығын әшкерлесе, екіншісінде ашына тура сынайды.
Батыл да, тура тілдеу қақ маңдайдан қасқита тартып жібергендей бетпе-бет
шенеу Марғасқа Ей, Қатағанның хан Тұрсын, Бұхар жырау Атаңды білмес құл
едің, Шал ақын Басеке, мал жануар басқа бітер, Үйіңнен ит жалынып
шықпайтұғын, Өзіңдей жатып ішер насқа бітер арнауларына тән сипат.
Арнаулар тілек, ақыл Шәлкиіздің Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға
айтқаны, ақыл, нақыл Үмбетей: Бекболат биге, Бұхар: Абылай ханның
қасында мақтау, мадақтау Жәңгір ханға арнаған Жанұзақ толғаулары түрінде
келеді.
Ақын, жыраулар естірту, жұбатуларда әуелі алыстан мысалдай келіп,
қайғы хабарын естіртуге бірте-бірте сатылай келу, сосын басу, жұбату айту,
жоқтауларда дүниеден өткен батырлардың не ханның ел есіне қалаулы, елеулі
істерін еске алу сияқты бағзы көркемдік тәсілдерді бері ұстанады. Ақпа-
төкпе сөз зергерінің бір басында жыраулық билік, абыздық қасиеттердің болуы
оларға өмірдің, дәуірдің сан алуан мәселесі хақында ақындық, шешендік сын
айтуына жағдай жасады.
Жыраулар мен ақындар поэзиясында шешендік сынның кездесуі заңды
құбылыс. Жыраулар мен ақындар ел өмірінің елеулі мәселелері туралы шешімді
сөз айтар аузы дуалы абызы, беделді биі болса, оның ағыла,тебірене
толғауында бұлдыртпай шегелей айтатын, шешендік шешімдердің болуы орынды
еді… ( 73 бет )
Бұхар жырау:
Ағайынның аразы
Елдің сәнін кетірер,
Абысынның аразы
Ауыл сәнін кетірер…деп, татулыққа ,бірлікке шақырады.
Өмірдің әр алуан мәселелері туралы осындай шешендік сипаттағы
тармақтармен қатар ақын, жыраулар тіршілік мәні, өмірдің бел-белестеріне
баға беруде де сыншылдық танытады. Халық ауыз әдебиетіндегі балалар
ойынында кездесетін санамалап суреттеу («Бір дегенің білеу…») тәсілін
ақын, жыраулар өмірдің әр кезеңін сипаттауда, не адам мінез-құлқы
нормаларын (Бұқар: «Біріншіден де жаман») бейнелеуде де үйлесімді
қолданады. Санамалап, нақпа-нақтап сипаттау ақын-жыраулардың негізгі
айтпақ ойын әсерлі жеткізуге лайықты тәсіл екендігі аңғарылады. Саты-саты
өмір бел-белестеріне саналап баға беру Бұқар, Дулат, Шал, Шернияз, т.б.
ақын, жырауларда, тіршілікте адам басына түсер ауыр істерді сипаттау Бұқар,
Ақтан сияқты қазақ жыраулары мен ақындарына ғана емес, бұл әдіс барабин
татарлары, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт поэзиясында да кездеседі. Мұның өзі
түркі тілдес тайпалардың о бастағы әдеби бастауы бір болғандығын
әйгілейтін деректер. Кейін әр халық өзінің ойлау, әдет-ғұрыптық дағдысына
орай икемдеп, түрліше өзгерістер егізген. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар
мен ақындар ішінде Шал шығармаларында ғана айтыс үлгілері ұшырасады. Әрине,
Шал айтыстары ұзақ көсіле, есіле шайқасқан өнер сайысы емес, қысқа, қалжың,
шағын сөз қағысы ретіндегі түре айтыстар.
Халық ауыз әдебиетіндегі жұмбақ түрі Асан толғауларындағы Қилы-қилы
заман болмай ма деп басталатын шумақтарда, жауап түрі Бұқардың Асан
жұмбағын шешкен Ханға жауап айтпасам деген толғауында кездеседі. Жұмбақ-
жауап іспеттес Асан мен Бұқар тармақтары жырау-абыздарға тән алысты болжай
бұлдырата тұспалдай айтуы жағынан көркемдік тәсілдің табу түрлеріне де
ұқсайды. Халықтың сан ғасыр бойындарғы өмір тәжірибесінің түйіні іспетті
мақал-мәтелдер үлгісімен ақын, жыраулар өз шығармаларында ақыл, нақылдың не
бір алуанын туғыза білді. Асанның Еділ бол да, Жайық бол, Есті көрсең
кем деме, Атадан алтау тудым деп, Ақтамбердінің, Атты міңсең зорды
мін, Бұқардың Жар басына қоңбаңыз, Ай, Абылай, Абылай толғаулары тура
нұсқап айтылған өсиет ақыл сөз үлгілері. Ал дәл нұсқап отырмай-ақ өмірде
болған істер нәтижесін үлгі, ғибрат етіп жай ғана меңзеп айтатын нақыл
түрлері ақын, жырауларда аса мол:
Арғымағын жамандап,
Тұлпар қайдан табарсың?!
Тұйғыныңды жамандап,
Сұнқар қайдан табарсың?!
(Асан Қайғы)
Асау тулап жықпаса,
Артқы айылдың беркі игі.
Жағаға дұшпан қолы тимеске,
Артында туысқанның көбі игі.
(Шәлгез)
Кетеген болса,түйең жау,
Тебеген болса, биең жау,
Ұрысқақ болса,ұлың жау,
Керіскек болса, келінің жау.
Ақыл, нақылдар толғауларға философиялық-дидактикалық сипат береді.
Жыраулар мұрасындағы көптеген толғаулар дидактикалық сарынға құрылады.
Абайға дейінгі әдебиет тарихында дидактикалық сарынның басымдығын академик
Қ.Жұмалиев орынды байқап, Оларды негізінде дидактикалық поэзия деп атасақ
та артық болмайды,- дейді. Расында да, жыраулар мен ақындарда
философиялық-дидактикалық толғасымен қатар өмірдің өзге мәселелерін
қозғаған тебіреністер мен өлеңдер де кездеседі. Бұл тұста М.Мағауиннің
толғауларды шартты түрде болса да философиялық, лирикалық деп екіге бөле
қарауы қисынды. Кейбір нақылдар құрмында халық мақал-мәтелдері және оған
түсінік ретіндегі тіркестер болады. Бұқар жырау:

Ежелгі дос жау болмас,
Айтысқан оның серті бар.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Көңілінің тұтқыр кірі бар. Міне осындағы бірінші, үшінші тармақ —
халық даналығы, екінші, төртінші тармақ — Бұқардың сөзі, ол халық
даналығындағы мазмұн, ойды айқындап, түсіндіріп тұр. Сондай-ақ «Шежірелі
қартың болса хатың деген, Кітапқа қарттың сөзі жақын деген» тармақтарында
Шал ақын халық сөзін өзі иемденбей, бағзы бұрынғылар айтқан дегендей
ишаратпен толғаған. Ақыл, нақыл сөздерді туғызуда ақын, жыраулардың халық
ауыз әдебиетінен пайдаланғаны, ұстартқаны, жаңадан туғызғаны, сол сияқты
ақын, жыраулар жасаған ақыл, нақылдың халықтық мұраға айналғаны да аз емес.
Мұндай алмасу бағзы дәуірден күні бүгінгі дейін желісі үзілмей келе жатқан
халық әдебиетін де, ақын, жыраулар шығармашылығын да байыта, құнарландыра
түсетін аса қажетті процесс. Академик С. Д. Лихачев сөзімен айтқанда
Мәдени мұралардың жалғастығы- олардың ең маңызды қасиеті,- деген.
Қазақтың халық ауыз әдебиетін жазылған ата дәстүрінде жастардың
үлкендер бар жерге адуандап кіріп, асқақтай сөйлеуі сөкеттік саналады.Ауыл
ақсақалдарының қолын алу үшін, жастар атынан түсіп, үйге дейін жаяу аяңдап
келген.Сырттан жасы үлкен адам кірген кезде, орнынан тұрып қарсы алу,
оларды атқа қолтығынан демеп мінгізу, сөйлесу,әңгімелесу барысында ізет пен
ілтипат танытып отыру, жасы кішілерге тән әдеп салттары болды. Осы орайда
ата жолын, қонақ кәдені, сыбағаны, жеңге назын, келін ізетін, күйеу
мізетін, сәлем салуды, көңіл айтуды тағы да басқаларға ден қойған ұл мен
қыз осындай ұғымдардың тек атын ғана емес, затын да білуге талпынатынына
шек келтіруге болмайды.
Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы. Ұяда не көрсе, ұшқанда
соны іледі деп түйіндейді мұны халық даналығы. Сондықтан балаға өмірінің
алғашқы жылдарынан-ақ адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек.Жастайынан
бойға сіңген мінез басқа бір зор күш әсерінен болмаса, есейгенде
сақталады. Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді деген мақал, ең алдымен,
тәрбие мәселесіне қаншалықты терең мән берілетінін көрсетеді. Тәрбие –
табалдырықтан басталады деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық.
Сондықтан да халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен
бастайды. Бесік жырында халқымыз өзінің сол бөбекке деген тілегін, үмітін,
жақсы азамат болып, өмірден өз орнын тапса екен деген арманын білдіреді.
Әлди,әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Қонақ келсе, қой бөпем.
Құнан қойды сой бөпем.
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің? … деп, ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру сәби
жүрегін тербеп, адамгершілікке жетелейді. Кең байтақ өлкемізде ұрпақтан
-ұрпаққа жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік,
шарапаттылық салтанат құрып, үйлесім тауып жатты.Бұл адамзат баласының әу
бастан өз өміріне серік еткен тұрмыс салттарының ең көкейтестісі. Міне,
сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын
жаяды. Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен
оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне,
тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Қазақ патриотизімін,
отаншылдығын қалыптастыруда жыраулар поэзиясының алатын орны ерекше. Бұл
жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында атты еңбегінде былай ой
түйеді: Халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың
жүрегінде тұтанып, жалындай бастады. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау
сияқты бұл дәуірдегі ұлттың шығармашылығында шынайы қазақ руханияты
қалыптасып дамыдыСондықтан да Отан отбасынан басталады демекшіміз.

2 Жыраулар поэзиясындағы әйелдер бейнесінің сомдалудағы көркемдік
ерекшелігі мен эстетикалықтәлім — тәрбие сипаты

2.1 Жыраулардың әйел образын сипаттаудағы көркемдік ерекшеліктер

Қазақ халқының біршама сол сақталған әдеби мұрасы — поэзиясы, әсіресе,
жыраулар мен ақындар жыры. Сан ғасыр сынынан өтіп, халық көкірегінде
жатталып, жыраудан, жыршыдан ұласып, біздің дәуірімізге жеткен сұңғыла сөз
зергерлері- ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген Асан, Қазтуған, Доспамбет,
Шәлгез, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш,
Шал сияқты ақын, жыраулар. Олардың жыр, толғаулары Қазан төкерісіне дейін
де, Кеңес кезеңінде де жинақтар мен мерзімді баспасөз беттерінде сан рет
жарық көрді. Алайда, 1960 жылға дейінгі басылымдар қалың оқырман қолына
тие бермеді. Себебі, олар сирек кездесетін кітаптар еді. Соңғы 25-30 жылдан
бергі кезде жарияланған жинақтар ғана ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген
ақын, жыраулар мұрасын оқушы жұртшылыққа кеңірек таныстыруда елеулі рөл
атқарады. Жыраулар мен ақындардың қоғамдық рөлі, олардың шығармашылық
ерешеліктері хақында әдебиеттану ғылымында бірқатар уақыттан бері әңгіме
болып келеді. Бұл салада жазылған зерттеулер мен пікірлер аз емес. Әсіресе,
Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан,
Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев,
Ә.Дербісәлин, М.Мағауин, Р.Бердібаев, т.б. ғалымдардың әдеби қауымға
кеңінен таныс еңбектері жыраулар мен ақындар өнерінің әлеуметтік мәні мен
бірқатар көркемдік сыр-сипаттарын тануға мол мүмкіндік жасады. Жыраулар
мен ақындар поэзиясының жанрлық сырлары, өлең құрылысы, көркемдік
қисындары, әдеби анықтамалары хақында А.Байтұрсынов, З.Қабдолов,
М.Базарбаев, З.Ахметов еңбектерінде де құнарлы жолдар, құнды пікірлер
кездеседі. Соның нәтижесінде, әсіресе, жырау мен ақын анықтамасы, оларға
тән ерекшеліктер, өлеңдік түрлер, дәстүрлі әдеби орта сырлары, т.б. ғылыми
мәнді мәселелер айқындала түсті. Қазіргі жыраулар мен ақындар, олардың
атқарған қызметі туралы пікірлер қалыптасты деуге болады. Жырау – ақпа-
төкпе импровизатор, өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай
білетін парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, оқиға
сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай, салмақтай
білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көреген дана абызы,
қисық кеткенді қылышпен емес, сөзбен сілейтіп, бетің бар, жүзің бар демей
тура айтар өткір де әділ биі, жөні келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап
жауға аттанар жауынгер жырауы, қолбасы болған. Жырау ел тағдырын шешер ірі
оқиғалар, аса мәнді көкейкесті мәселелер тұсында толғанған. Халық
өзгелерден гөрі қайғырғанда демеп, қуанғанда қанат бітіріп,ақыл қосатын
асыл сөз иесі — жырауларды қатты қадірлейді.
Ақын, жырау мұрасында өмірдегі әр алуан заттармен құбылыстардың айрықша
сипаты мен сапасын анықтап, һәм нақтылып, ерекше ажар беретін
айқындаулардың (эпитеттердің) небір түрі кездеседі.
Таңдайға біткен қызыл тіл,

Тірлікте не шайнасаң жұтар ол.

(Асан Қайғы)
Қара сия, ақ қағаз,
Дестірге өнер төктірдің.
(Шәлгез)
Киініп қызыл жасыл қыз келгенде,
Аймалап ақша бетін өпсем де жоқ.
(Шал ақын)
Осы мысалдардағы қара сия, ақ қағаз, ақша бет, қызыл тіл сияқты сөз
тіркестері ауыз әдебиетінен, әрісі түркі тілдес халықтар әдебиетінен етене
таныс болуы мүмкін. Бұл екі жағдайды аңғартады. Біріншіден, ежелгі
поэзиямыздан күні бүгінгі дейін әрқилы ортада қолданылып келе жатқан бұл
тіркестер — дәстүрлі жалғастық куәсі. Екіншіден, сан ғасыр ұғымға орнығып
қалыптасқан тұрақты эпитеттер. Ақын, жыраулардың өмір құбылысын суреттеуде
мол қолданған, ерекше алуан орайда келісті де шебер пайдаланған көркемдік
тәсілдерінің бірі айқындау (эпитет). ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы тарихи
жағдайлар-дала феодалдары арасындағы қым-қуыт жаугершілік пен жоңғарларға
қарсы күрес дәуірі ел қорғар, жер қорғар ерді, оның жан серігі дүлдүл
тұлпарын, ерге лайық қару-жарағын қадірлей жырауларды қажет етті. Ежелгі
дәуірден келе жатқан, ерлік жырлау дәстүрі ХҮ-ХҮІІІ ғасыр поэзиясында да
бәсеңсіген жоқ. Батыр ерлігін, ат сапасын, қару жарақ қадірін айқын да,
айбарлы, ажарлы да ашық реңмен жырлауда айқындаудың да өзіндік рөл
атқарғанын аңғарамыз. Мысалы, ел қоғар ер қанаты- ат суреттелетін
тұстардағы эпипеттерге назар аударайық:
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа сімірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген.
(Асан қайғы)
Бір топ эпиттер батыр, батыр арманы, оның құрал-жабдықтарын айқындай
түседі:
Жағасы алтын, жеңі жез,
шығыршығы торғай көз
сауыт киер ме екенбіз?!
Қоңыраулы найза қолға алып,
қоңыр салқын төске алып,
қол ашырар ма екенбіз ?!
Жалаулы найза жанға алып,
жау қашырар ма екенбіз? (Ақтамберді), «Жиынымның ішінде… суырылып шабар
батыр бар» (Ер Шобан), Толғамалы ақ балта толғап ұстар күн қайда?! Алты
құлаш ақ найза, ұсынып шаншар күн қайда?! (Доспамбет)

Бірқатар айқындаулар (эпитеттер) табиғи орта, табиғат құбылыстарына орай
беріледі: Қарабас күспен шалдырып, Көк теңіздің үстінде, Көтеріп желкен
аштырып, …Жүк тиеттің кемеге, Кендір баулы ақ желкен көк теңіздің жал
толқынға жектірдің, Ақ ала таудың алдында, Ақ ала жылқы жасайды,
Шағырмақ бұлт жай тастар, Ақ желкеніді жел бастар, Арқаның құба
жонында, Арыстан ойнар шарқ ұрып, Жапалақ ұшпас жасыл тау, Аңғарып
атқан таңды деп, Шолпанды шыққан күнді деп, Айналайын ақ Жайық, Ат салмай
өтер күн қайда?», Қоғалы көлдер құм сулар, қоныстар қонған өкінбес
(Доспамбет), Қара судың бетінде сығылып аққан сең едің(Бұқар),
т.б.Эпитеттердің бір тобы жан-жануарлар дүниесіне орай кездеседі, оларды
нақтылап, айқындау арқылы ақын, жыраулардың негізгі ойын аша түсуге қызмет
етеді: Жалп-жалп ұшқан жапалақ, жазында кімге жолдас болмаған, Көк
қоянның қос қанатын тұндырған, Көгілдір жез қанатын сындырған, Ақ
киіктің шабар жері майдан дүр, Жез қарғылы құба арлан, Сақалына сары
шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап» (Шәлгез), Қара бұлан терісін
етік қылар күн қайда ?, Торы төбел ат мініп (Доспамбет), Шолақ байтал
қақбасқа аз ба деді, Көк атты құдай алған менен көріп, балаңды жатырсың
ба қырайын деп (Көтеш). Эпитеттердің бірсыпырасы өмір, мекен-жай, тұрмыс
тіршілік көрінісі, көшпелі өмірге тән әрқилы этнографиялық жайларды
айқындай түседі: Зерлі орындық үстінде, Ақ шымылдық ішінде Тұлымшағын
төгілтіп, …Ару сүйдім өкінбен, …Ақ білегін жастанып, Еңсесі биік ақ
орда, еміне кірер күн қайда?(Доспамбет), Еңсесі биік боз орда, салтанатқа
орнатқан, Омырауы жұпарлы, исі жұпар аңқыған… Ардақтап сүйген бикешің,
Қыздарға қызыл ала тон кигізіп, Қырмызыға малдырып, көшке жорға мінеді
(Бұқар), Жасында оймақ ауыз сұлулардың, өзгертіп бұл кәрілік алар түсін
(Шал ақын), т.б. Енді Шал ақын шығармаларында кездесетін мына үш эпитетке
назар аударайықшы: Адамға кердеңдеген мінез бітер, бақ, дәулет бастан
бақыт шайқаларда, Сона көз болып жүреді жарлы кісі, Шығады айқай салсам
ащы терім. Бұл үш мысалдағы үш сөз тұлғасы жағынан тілшілерше талдасақ
бірі (кердеңдеген) — есімшеге, екіншісі (сона көз) — зат есімге, үшіншісі
(ащы терім) — сын есімге жатады. Бұлардың қай-қайсы да ақынның айтпақ ойын
анықтап ажарлауға, эмоция әсерін күшейтуге қызмет етіп тұр. Бір ғана
кердеңдеген айқындаудың (эпитеттің) өзінің мейманасы тасқан, данқ,
мансапқа масыққан дарақы адамның бүкіл болмысы, кескін кейпі көз алдыңа
келеді. Сондықтан жарлы адамның жүдеу реңін, жадау жанарын «сона көз» өте
шебер, дәл елестетеді. Ал, «ащы тер» қазақ поэзиясында атап айқандай соны
тіркес, сырлы эпитет болғанымен ақын шабытын бірден көз алдымызға әкелетін
әсерлілігімен бағалы. Ақын жыраулар мұрасында эпитеттер кейде бір шоғыр
түйдек күйде де кездеседі:
Жазық маңдай, жалқын шаш,
Құбаған мұрын, қиғаш қас,
Қызарыдан көйлекті,
Еңінде семсер ақ тісті,
Мойнында дан алқалы күмісті,
Жарыменен екеуі,
Жатып тілек тілексе,
Қыдыр күнге жолығар.
(Шәлгез)
Жазық мандай, жалқын шаш, құбаған мұрын, қиғаш қас қазақ поэзиясында
танымал тіркестерге, тұрақты эпитеттерге айналған, бұл жолдар төркіні ақын,
жыраулар мұрасы болғанмен, көбінесе, халқымыздың ән текстеріне бауыр басты
болып кеткен. Оның себебі, мұндағы айқындаулардың жүрекке жылы, айтуға
жеңіл әдемі өрнегінен, айшықты ажарынан болса керек. Ал, Қызарыдан
көйлекті, Еңінде семсер ақ тісті, Мойнында дан алқалы күмісті, деген
тіркестердегі кейбір жұрнақ, жалғаулар Шәлгез дәуіріне тән тілдік
көріністерден елес береді. Алайда, мұндағы аз … жалғасы