Автобус 150 метр биіктіктен құлап, 14 адам көз жұмды

0
Автобус 150 метр биіктіктен құлап, 14 адам көз жұмды


Үндістанның солтүстігінде автобус шатқалға құлап кеткен.

Салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапты, тағы 13-і жарақат алды. Апат жексенбі 18 қараша күні Уттаркаши округіндегі тау жолының күрделі учаскесінде болған. Мәліметтерге сүйенсек жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік 150 метр биіктіктен құлаған.

Қазіргі таңда іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасында ауыр жарақат алғандар дереу аурханаға жеткізілді. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары тексерілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат