Жылдар бойы әріптестеріне у беріп келген ер адамның соты басталды

0

Жылдар бойы әріптестеріне у беріп келген ер адамның соты басталды

Германияда әріптестерін уламақ болған ер адамның үстінен сот процесі басталды.

 
 
Жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтін 57 жастағы ер адам жылдар бойы әріптестерінің асына у қосып отырған деп айыпталуда. Кәсіпорын басшылығы әлденеге күмәнданған соң видеобақылау орнатқан. Сол кезде ер адамның жоғары уытты заттарды қызметкерлердің тамақтарына қосқан сәті таспаға түсіп қалған.
 
Осыдан кейін полиция кәсіпорындағы ауырғандар мен қайтыс болғандардың жағдайларын тексеріп, күмәнді 21 оқиғаны анықтаған. Бір қызметкер бүйрек ауруына шалдықса, екіншісі бірнеше жыл бойы ес-түссіз  жатыр. Ал күдікті болса бұл айыптың бәрін жоққа шығарып отыр. Ол бұл кәсіпорында 38 жыл жұмыс істеген.

Дереккөз: КорреспонденТ