Жоғарғы жүйе, жүйелік оператор

0
88
ТТШТ технологиясы бойынша тәрбиешілерге арналған теориялық минимум (С. И. Гиннің еңбегінің аудармасынан)

ТТШТ — ойлап тапқыштық тапсырмалардың шешілу теориясы, автор – ойлап тапқыш, қияли жанрда жазушы Г. С. Альтшуллер.
ШЕД — шығармашылық елестетуді дамыту, РТВ курсы — ТТШТ – нің құрама бөлігі.
– бір нысанды бір біріне қарама қарсы аудару. Мысалы: бір нысан жақсы және жаман, үлкен және кіші, мықты және әлсіз, ыстық және суық т. б.
Қарама – қайшылықты шешудің тәсілдері — белгілі бір нысан қарама – қайшы белгілерге ие болатынын түсіндіретін анықтама.
Қарама – қайшылықты шешудің жиі кездесетін тәсілдері:
Уақыт –
Бір уақытта белгілі бір нысан қарама – қарсы белгілерге ие болады. Мысалы: сүңгі мұздар. Басында ұзын, кейіннен еріп кішкентай болады. Бір мезетте ұзын, бір мезетте қысқа болулары мүмкін.
Кеңістікте –
Нысанның бір бөлігі басқа қасиетке ие. Мысалы: үтіктің асты ыстық, сабы салқын болады.
Жүйеде –
Басқа нысандармен бірге белгілі бір нысанның басқа қасиетке ие болуы. Мысалы: сіріңке қатты және әлсіздері болады. Кейбірі оңай сынса, кейбірі оңайлықпен сынбайды.
Қарым – қатынаста –
Белгілі бір нысан біреу үшін жақсы болса, басқа біреуге жаман. Мысалы: фильм біреуге ұнайды, басқа біреуге ұнамауы мүмкін.
Жүйе — элементтері жеке қасиетке ие бола алмайтын жиынтықтан тұратын нысан. Мысалы: ұшақ. Оның элементтері – қанаттары, кабина, дөңгелектері, қозғалтқыштары бар. Оларды белгілі бір ретпен орналастырса, ұшуға арналған ұшақ шығады.
Ішкі жүйе – жүйені құрайтын негізгі бөлшектер.
Жоғарғы жүйе — қарастырылатын жүйе бөлік болып табылатын жоғары дәрежеге ие жүйе.
Жүйелік оператор — нысанның өткенге, қазіргі, болашақтағы жүйе, ішкі жүйе және жоғарғы жүйесінің сараптамасы.

Толық нұсқасын жүктеу

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 балабақша меңгерушісі
Нурпеисова Мереке Зулкарнаевна